Қазақ баласы "Лионда" доп теппек

1748
Adyrna.kz Telegram

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Дінмұхамед Кәшкен француздық «Лион» командасында қаралымда жүр. Бұл ақпаратты футболшының өзі де растаған деп хабарлады отандық sports.kz сайты.

«Иә, қазір «Лион» жастар командасының қаралымында жүрмін. Бұл жақта бір апта боламын» дейді Дінмұхамед.

Кашкен 2017 жылы «Астананың» құрамында өткізіп, жастар командасының капитаны болды. Ол елдің жасөспірімдер құрамасына тұрақты шақырылып тұрды. Футболшы 2015 жылы жарты жыл бойы мадридтік «Атлетикаоның» екінші командасымен жаттығып, тіпті келісімшарт жасау туралы ұсыныс та алған болатын. Алайда, Еуропалық одақтың заңдары мен трансферлік банға байланысты сондай-ақ бюрократиялық кідіріс салдарынан клубтың құрамында қала алмады.

Кейінірек «Касабланка» клубының намысын қорғады. Қазақстанға келгеннен кейін «Астана» және «Жетісу» клубтарының жастар командасына доп тепті.

Пікірлер