Іле-Балқаш қорығындағы өрт сөндірілді

2112
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/7beb5e3e-31f8-4099-b1b4-1e21e6b371c9.jpeg
Іле-Балқаш қорығындағы табиғи өрт ауыздықталды, деп хабарлайды “Адырна”.  2023 жылдың 6 шілдесі күні сағат 21:00-де Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түскен. Қараой ауылдық округінде, «Іле-Балқаш» РММ-нің аумағында өрт шығып, ол жаққа жету қиын екені жолданған. Қызыл жалынды құрықтауға 22 адам мен 8 бірлік техниканың күшімен қолда бар құралдарды пайдаланып,  өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілген еді. Сондай-ақ, елді мекендерге төнер қауіп жоқ. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Іле-Балқаш қорығында табиғи өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды сөндіруге 26 адам мен 13 техника, соның ішінде Іле-Балқаш ГПР және ДСЖ мотопомпалары, су көліктері және дрондары қатысып, өрт ошақтарын сөндірді.
Комментарии