Владимир Зеленский соғыстың 500-ші күнінде халқына арнап үндеу жариялады

2002
Adyrna.kz Telegram

Владимир Зеленский соғыстың 500-ші күнінде украиналықтарға алғыс білдірді. "Жылан" аралынан украиндарға үндеу айтып, сәлемдемесін жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Осы 500 күн ішінде біздің әрбір жауынгерімізге жеңіс тұғырына табан тірей отырып алғыс айтқым келеді. Біздің Қарулы Күштеріміз, барлау қызметі, ұлттық гвардиямыз, шекарашыларымыз, Украинаның қауіпсіздік қызметі, біздің полициямыз, байланысшыларымыз, халқымыз...

Мен Украина жолында жанын пида етіп, соғысқандардың барлығына алғыс айтамын. Біздің барлық қаһармандар, Украина үшін күресіп, бостандықты жақындатқандар, Украина үшін өмір сыйлағандар үшін құрметіміз болсын", - деді президент.

Еске сала кетейік, Ресей әскерлері "Жылан" аралын басқыншылық қадамдарын жүргізген алғашқы күндердің бірінде басып алды. Украина 2022 жылдың жазында аралды қолына алып, өз қарамағына қайта қосты.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер