Моңғолияда дүниежүзі қазақтарының IV кіші құрылтайы өтіп жатыр

3536
Adyrna.kz Telegram

Моңғолияның Ұлан-Батыр, Хобда, Баян-Өлгей аймақтарында Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы өтіп жатыр. 4-10 шілде аралығына жоспарланған айтулы іс-шараға Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қорының» ұйытқы болған. Мерекелі босқосуға қайраткерлер, саясаткерлер, ақын-жазушылар, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Құрылтай мақсаты – шеттегі қандастардың түйткілді мәселесін анықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Құрылтайға «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары, дипломатия ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысуда.

«Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы шеттегі қазақтардың басын қосқан жиында:

- Әлемнің қай түкпірінде болсын қазақты қазақ етіп тұрған – ана тілі, ата дәстүрі және кең пейілі мен бауырмалдығы. Біз осы қасиетімізден айнымауымыз керек. «Бар қазақ – бір қазақ» болып тұтасып, бірлікте болсақ, шығар биігіміз көп болады, - деді.

Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы Ұлан-Батырдан басталды. Биылғы 4 шілдеде қазақстандық делегация Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдың  5 мыңнан астам қазақ тұратын Налайх ауданына барды. Аудан әкімі Ч.Раднаабазар және мәслихат депутаттарымен кездесті,

Кездесу барысында Қор басшысы Абзал Сапарбекұлы Моңғолиядағы және Қазақстанға көшіп келген қандастарымыз Моңғолия мемлекетінің қамқорлығын ерекше ықылас-ризашылықпен еске алатынын және бұл шын жүректен шыққан сөз екенін атап өтті. Сөзін жалғастыра келе, Қоғам басшысы Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайы аясында жоспарланған іс-шаралар туралы айтып өтті.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапақ, Нұргүл Тау және Жарқынбек Амантай Моңғолия елінің тумалары ретінде Моңғолияға келгендеріне қуанышты екенін және парламентаралық байланыстарға өз үлестерін қосуға дайын екендеріне сенім білдірді.

Мәлім етілгендей, құрылтай аясында Ресейдегі қандастармен де жүздесу жоспарланған.

Мәселен, 8-9 шілдеде Ресей Федерациясының Алтай Республикасындағы қазақтар мекендейтін Қосағаш ауданында және Алтай өлкесі орталығы Барнаулдағы қандастармен кездесу өтіп, рухани кеш ұйымдастырылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер