Бізге футболист керек пе? Дәрігер мен мұғалім керек пе?

1579
Adyrna.kz Telegram

Аяқдопшыларымыз алып жүрген айлықтарын ақтайды ма?

Осыдан екі-үш жыл бұрын футбол туралы біраз мақалалар жазып, ішкі біріншілікті біраз зерттеп, бірсыпыра футболшылармен, бапкерлермен және футбол агенттерімен танысып, әңгімелескен едім. Содан қазақ футболы туралы біршама ақпаратпен сусындап алдым.

Сол әңгімелерден кейін көкейімде "Футболшыларымыз алып жүрген айлықтарын ақтайды ма?" деген сұрақ қалып қойды. Шынынды, біздің футболшылар өте көп жалақы алатын сияқты.

Бірден айтайын, мен сөйлескен кісілердің барлығы жалақы туралы нақты дөп басып "айлық мынадай" деп айтпайды. Барлығы шамалап айтады. Көбісі тіпті ол туралы әңгімелескісі келмейді. Сондықтан менде жалақы туралы нақты құжат жоқ.

Сонымен, менің естігенім бойынша ҚПЛ-да алаңға шықпаса да, ойынға қатысуға мүмкіндігі бар деген тізімге енген жас футболшының өзі 1-3 мың доллар көлемінде ақша алады. Егер алаңға шықса тағы көбейеді.

Ал негізгі құрам ойыншыларының орташа жалақысы 20 мың көк қағаздан басталады. Бұл қазақстандың футболшылардың еңбек ақысы. Ал, шет елден келгендерің айлық нәпәқасы 30 мың доллардан басталады. Мұндай ақшаларды біріншіліктегі ортаңқол, екінші алтылықта жүретін командалар төлейді.

Бірінші алтылықта жүрген клубтардың қазақстандық футболшылары 40 мың мен 100 мың доллардың арасында алады. Легионерлері 50-150 арасында.

Оған тағы бонустар қосылады. Қосымша сыйақы әрбір ойын үшін болуы мүмкін. Негізінен гол соққан футболшыға және жеңіске жеткен команданың ойыншыларына, сыйақы 1 мың доллардан басталып, 10 мыңға дейін жетеді. Сыйақыны біздің футболшылар еуропалық додалардағы ойында жеңіске жетсе көп алады.

Енді қараңыздар. Елімізде мұғалімдердің, дәрігерлердің, құқық қорғау қызметкерлеріңің, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 50 мың теңге мен 200 мыңның ортасында. Оның біразы әртүрлі себептермен әртүрлі "жинау" жұмыстарына кетеді. Сонда олар орташа есеппен 100 мыңдай ғана алатын шығар. Сосын олар "левыйға" көшеді.

Енді осының барлығын өзі шамалы істейтін миыма салып ойланып, тағы мынадай сұрақ келеді. Бізге футболшылар керек пе, әлде білім беретін, денсаулығыңды түзейтін мамандар керек пе? Сізге ше?

Расында, біздің футболшылар алып жүрген айлықтарын ақтап жүр ме? Сіз қалай ойлайсыз?

Осыған келгенде көбісі шет ел футболшыларымен салыстырады. Айналайындар-ау, ол футболшылармен салыстыру үшін, біздің футболшылар солар сияқты доп теуіп алсында алдымен.

Құрысын, не деп кеттім. Артық айтсам кешір мені xалқым!

Уәлихан Қосанбай

Пікірлер