Кореядан арнайы келген қонақтар да өнер көрсетті.
Жұртшылықтың көңілін жаулауға ұмтылған жас таланттар Beu fest фестивалінде биыл да бас қосты. 6500 көрерменді жинаған кеш – Алматы жастары үшін маңызды музыкалық фестиваль.
Онда жас әншілермен бірге, өз орнын тауып үлгерген дарындар да өнер көрсетті. Сондай-ақ Кореядан арнайы келген қонақтар да көрермен көңілін көтерді.
– Бірнеше күннің ішінде билет тез тарап кетті. Биылғы фестивальдің ерекшелігі сахнаға жаңа жұлдыздарды шығарып жатырмыз. Үлкен сахнаны армандап, осындай іс-шараға қатыса алмай жүрген жастардың 1 сағаттық блогы болады, – деді фестивальдің бас продюсері Жаннұр Айдарбекова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Beu fest жас дарындардың кәсіби дамуына үлес қосады. Былтыр бастау алған фестиваль көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген. Осы сахнада өнер көрсетуді мақсат еткен жастар да аз емес.
– Аyafunk бір-екі жыл дайындалды. Толқып тұрмыз. Бірақ балалар сенімді, – деді Ayafunk тобы.