Кентауда жылдам дайындалатын астан уланғандардың саны 100-ге жетті

1787
Adyrna.kz Telegram

Кентауда әп-cәтте дайындалатын тағам асап, одан уланғандар саны 100-ге жетті. Фаст-фудпен қоса "опық жегендердің" арасында 3 жүкті әйел бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тағамнан уланғандардың дерегі жайлы Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Олардың жазуынша,  Кентау қаласында орналасқан «Ризық-Рауаны» фаст-фуд орталығында тамақтан уланғандар саны 100-ге жетті. Олардың арасында14 жасқа толмаған 40 жасөспірім, 3 жүкті әйел бар. Қазіргі кезде аталған жағдай негізінде Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні Кентау қалалық орталық ауруханасында стационарлық ем қабылдаған 67 науқас үйлеріне жіберілді. Дегенмен олардың барлығы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Қалған астан уланған 25 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ Түркістан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 8 тұрғын жатқызылған.

Еске сала кетейік, Кентау қаласында орналасқан «Ризық-Рауаны» фаст-фуд орталығында тамақтанған 92 адам уланып қалған еді. Олардың арасында 14 жасқа толмаған 40 жасөспірім, 3 жүкті әйел бар. Аталған жағдай бойынша Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Кентау қаласының 17 тұрғыны 1 шілдеде ауруханадан шықты.

Қазіргі қолда бар деректерге сенсек, дәмхананың қызметкерлерінен сальмонеллез бен стафилококк қоздырғыштары анықталғаны айтылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер