Оқиға орнына қарауылшы мамандар аттанған.
"Қазіргі уақытта өрттің болжамды алаңы 200 гектар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпаратына сенсек, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.
Еске сала кетейік, Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында 2023 жылғы 8 маусымда ірі өрт болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кеткен. 14 адам қайтыс болды. Өртті бір аптадан кейін – 14 маусымда ауыздықталды.
ҚР Бас прокуратурасы Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеп жатыр. Тергеу барысында "Семей-Орманы" резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды.
"Адырна" ұлттық порталы