Алматы облысы Кеген ауданында рәміздер күні аталып өтті

878
Adyrna.kz Telegram
qulantany.kz
qulantany.kz

Алматы облысындағы Кеген ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні кең көлемде аталып өтілді.

Атап айтар болсақ, мерекелік шара аудан орталығы Кеген ауылында «Менің туым-менің мақтанышым» атты көліктер шеруімен басталды.

Еліміздің көк байрағын қолына ұстап, көлікпен желеулеткен азаматтар жалпы саны 11 көлікпен шерулетіп, аймақты дүбірге бөледі.

Артынша, орталық алаңда дүйім жұрттың қатысуымен бір уақытта мемлекеттік Әнұран орындалып, арты салтанатты шараға ұйымдастырылды.

Шарада аудандық мәслихаттың төрағасы Алмасбек Нұғман аудан жұртшылығын құттықтады.

«Рәміздер- тәуелсіз елдің бойтұмары.
Ұлттық рухтың айбары, егемен елдің айдары, тағылымды тарихтан сыр шертер мемлекеттің айшықты таңбасы да осылар. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз тұғырынан түспесін. Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін!»,-деді Кеген аудандық мәслихаттың төрағасы Алмасбек Нұғман.

Мерекені тойлауға арналған шара соңы, концертке ұласты.

Пікірлер