Мүгедек жүргізуші: жолдағы талаптар мен жеңілдіктер

2030
Adyrna.kz Telegram

Елімізде мүгедектігі бар азаматтар қазіргі қоғамда такси қызметінде жүргенін, одан бөлек көлік жүргізетіні байқалады. Жол жүру ережесіне және ҚР Заңнамасына сәйкес мүгедек жүргізушілердің қандай құқықтары мен мүмкіндіктері бар? "Адырна" тілшісі тарқатады:

Мүгедек жандардың жолдағы ережелері мен ерекше құқықтары арнайы заңнамада көрсетілген. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23 тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектерді автокөлік құралдарымен тасымалдау бойынша қызмет көрсету тәртібі бекітілді.

Заңнама қағидалары автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде мүгедектер үшін қолжетімді көліктік ортаны қамтамасыз етудің жалпы тәртібі мен шарттарын анықтайды. Қағидалар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.

Автокөлік құралдарымен мүгедектерді тасымалдау бойынша арнайы қызмет көрсету тәртібі бар:

Мүгедектерді тұрақты қалааралық облысаралық маршруттарда тасымалдау кезінде және халықаралық автомобиль тасымалдарында "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" 1040-2001 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес келетін жолаушылар салонындағы өтудің ені 44 сантиметрден кем емес қалааралық автобустар (II класс) немесе алысқа жүретін автобустар (III класс) пайдаланылады.

  1. Автобустарда мүгедектерге арналған орындар және мүгедектердің қозғалысына арналған кресло-арбалар автобустың жанама қабырғасының ені бойында бір қатарда орналастырады және олар автобустың жүрісі бойынша алға қарайды.
  2. Кресло-арбаны орналасу орындарындағы жолаушылар салондарының еденінде және оларға қолжетімділік аймақтарында пандустар және баспалдақтар болмауы тиіс.
  3. II және III класс автобустар орындықтарының арқасы жастығымен болады, бұл ретте орындықтардың арқасы еңкею бұрышы бойынша орналасуды реттеуі болады.
  4. Мүгедектерді тікелей кресло-арбаларда тасымалдаған жағдайда автобуста қозғалыс кезінде кресло-арбаны бекітетін жабдықтар мен құралдар көзделеді.
  5. Жүргізушінің жұмыс орны мүгедектердің орналасу орындарынан болсын, кресло-арбаларды орналастыру орнынан болсын іске қосылатын дыбыс және жарық сигналдарымен жабдықталады.
  6. II және III класс автобустары жолаушылар салонында мүгедектің қозғалуы үшін арналған арнайы көліктік арбамен жабдықталады.
  7. II және III класс автобустарында кресло-арбаны тасымалдау үшін пайдаланылатын багаж бөлімі көзделеді. Бөлімде жинастырған күйде кресло-арбаны бекіту үшін құралдар көзделеді.
  8. Көлік құралы аялдамалар, келу және кету уақыттары жөнінде хабарлайтын дыбыс және көретін ақпараттық табломен жабдықталады.
  9. Қалалық маршруттық автобустардың жолаушылар салондарында кресло-арбадағы мүгедектің автобусқа кіруі үшін арналған есікке қарама-қарсы бос алаң (бұрылу шеңбері) көзделеді.
  10. Кресло-арбаны орналастыру үшін арналған еден учаскесінде бүйір қабырғаның ені бойында көлденең тұтқа орнатылады.
  11. Автобустарда кемінде 2 жолаушы есігі көзделеді. Оның біреуі кресло-арбадағы мүгедекке автобусқа кіруге және шығуға мүмкіндік беретін жабдықпен жабдықталады. Шағын автобуста жабдықпен жабдықталған және кресло-арбадағы мүгедектердің қолжетімділігі үшін де, мүгедектермен бірге жүретін адамдар үшін де пайдаланылатын бір есіктің болуына жол беріледі.
  12. Кресло-арбадағы мүгедектердің автобусқа қолжетімділігі үшін пайдаланылатын есіктің тиісті белгілері (жазулар немесе пиктограммалар) болады.
  13. Автобустар мүгедектерге автобусқа колжетімділігін қамтамасыз ететін рампалармен немесе кресло-арбадағы мүгедектерді автобусқа (автобустан) көтеруге (түсіруге) арналған жабдықтармен жабдықталады.

Мүгедек жандарға такси қызметін ұйымдастыру бойынша:

"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның отыз және одан да көп таксиі болған кезде әр отыз таксиге арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген кемінде бір таксиі болады.

Мүгедектерді тасымалдау үшін, соның ішінде кресло-арбада отыратын мүгедектерді тасымалдауға арнайы қайта жабдықталған "Такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" 2272-2012 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес келетін жеңіл автокөлік құралдары пайдаланылады.

Таксидің алдыңғы және артқы жақтарында төртбұрыш түрінде "Мүгедек" айрықша белгілер және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Жол белгілерінің 7.17-тармағында көрсетілген жол белгісі нышанының бейнесі белгіленеді.

Мүгедек адамдар үшін "Инватакси" қызметі қамтылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасы бойынша Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларына (ҚР Көлік және коммуникация министрінің м. а. 01.11.2013 ж. № 859 бұйрығы) (бұдан әрі – Қағидалар) жергілікті атқарушы органдардың инватакси қызметтерін көрсетуін реттейтін бөлім енгізілді. Бұл ережелер Қазақстанның барлық аумағында қолданылады және меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Инватакси қызметі жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар, кресло-арбамен және жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге көрсеткіштері бар адамдарды қолдау жөніндегі қосымша шара болып табылады.

Қазіргі уақытта елдің барлық өңірлерінде жергілікті атқарушы органдар үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы инватакси қызметтерінің жұмысын ұйымдастырып жатыр.

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс орнына дейін (және кері қарай); оқу орындарына; жергілікті өкілді және атқарушы органдарға; сотқа, прокуратураға, нотариаттық кеңселерге; медициналық мекемелерге (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда); әуежайларға, теміржол вокзалдарына, автовокзалдарға, теңіз және өзен порттарына; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және әлеуметтік саланың басқа да объектілеріне тегін жеткізіледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер