Полиция басқармасы журналист Диана Сапарқызынан кешірім сұрады

2971
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті журналист Диана Сапарқызынан тергеуші Жалғас Тұрсыновтың заңсыз әрекеті үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Кеше түнгі сағат 00.00 шамасында белгісіз азамат Диана Сапарқызының есігін қағып, тыныштығын бұзған. Бұл азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. 39 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды»,—деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Айьуынша, басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен киберқылмыспен күрес департаменті қарағандылық азаматқа журналистің мекен-жайын нақты кім бергенін және оның мекен-жайы қандай арналар арқылы берілгенін анықтайтын болады.

«Михайловский полиция қызметкерлері тарапынан журналист Диана Сапарқызы арыз жазуға әрекеттенген кезде оған қатысты өрескел әрекеттер жасалды. Бұл факті бойынша жеке тексеру басталды. Осы тексеру нәтижесінде аталған қызметкерлер жауапкершілікке тартылады. Басқарманың ресми өкілі ретінде жіберілген қателіктер үшін кешірім сұраймын»,—деп толықтырды ол.

Еске салайық, бұған дейін Диана Сапарқызы өзін балағаттап, күш көрсеткен қазақстандық полицейлердің заңсыз әрекетіне шағымданған еді.

Пікірлер