Журналистерге кәсіби мереке қарсаңында пәтер табысталды

2326
Adyrna.kz Telegram

28 маусым елімізде журналистер күні мерекесі тойланады. Президент мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше азаматты баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды, деп жазады "Адырна". Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. 

Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлетінін, сондықтан мемлекеттік БАҚ қызметкерлерін қолдау туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

"Мемлекет басшысының атынан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында 65 пәтердің кілтін табыстадым. Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері бар. Пәтерлер «Дара» Президент бастамаларының қоры атынан берілді" деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында мемлекеттік құрылым қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Құттықтау сөзінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі медиа қызметкерлерінің саланы дамытудағы қажырлы еңбегі мен қомақты үлесін атап өтіп, іс-шараның барлық қатысушыларына алғысын білдірді.

 

Пікірлер