«Білім қандай болса, диагноз да сондай болады». Дәулет Мұқаев Денсаулық сақтау министрлігін сынға алды

5442
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Денсаулық сақтау министрлігін сынға алды. Айтуынша, медицина саласындағы студенттердің біліміне мән берілмейді. Депутат саладағы сан сұрақтың күрмеуін шешуді сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Балаларға білімді дұрыс бермейміз, сосын бізге қойылатын диагноз да сондай болады. Оқулықтардың барлығы орысшадан қазақшаға аударылады. Оларға келетін тесттерінің де мән-мағынасы жоқ сұрақтар.

Мен осы мәселені Ажар ханымға айтып, шет-жағасын бастаған кезде тест орталығынан ресми түрде хаттар келеді. “Бәрі күшті, бәрі дұрыс. Білім министрлігі бізбен жұмыс жасады”, дейді. Ал оларға хабарлассам, “медицина бізге мүлдем қатысы жоқ”, деп, бәрі бір-біріне сілтейді. Орысша жауап береді.

Әрине, балалар патриот болып, қазақ тілінде білім алғысы келеді. Бірақ оқулықтар да дұрыс емес, қойылып жатқан сұрақтар да дұрыс емес. Бұл-бір. Одан кейін, сіздердің қойып жатқан статистикаларыңыздың бәрі өтірік. Сіздер күшті қылып көрсетесіздер. Жай ғана жалақының өзін, дәрігерлердің жалақысы 454 мың деп көрсетесіздер. Мен әлеуметтік желіге салғанда, мұндай ақшаны алмайды. Тек ұйықтамай күні-түні жұмыс істегенде ғана ондай ақша аламыз, дейді. Сіздер өздеріңіз дәрігерлерден, студенттерден опрос жасап көрдіңіздер ме? Оған жоқ деп жауап бересіздер.

Методиканы шетелден, Сингапур, АҚШ, Германиядан аламыз дейсіздер. Олардың минималды жалақылары 1,5 млн теңге. Халықтан ақша жинаған кезде біз сөйтеміз, ал халыққа ақша беретін кезде өтірік статистика жасаймыз”,- деді депутат.

Сондай-ақ, Дәулет Мұқаев мұндай қателіктерден кейін өзіміз зардап шегеміз дейді.

Пікірлер