«Құрылтай - маңызды шешім қабылдайтын маңызды жиын»

14560
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

17 маусым күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өткен болатын. Бұған дейін алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өтті. Жыл сайын құрылтайдың әр аймақта өтуінің өзіндік бір бір мәні бар.

Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады, – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Құрылтай қазақ тарихында ежелден келе жатыр. Мән-мағынанаға толы жиынның Қазақстан тарихында орын алуы туралы публицист, мәдениеттанушы Серік Ерғали “Адырна” ұлттық порталына айтып берді.

- Алдымен, “құрылтай” сөзінің мағынасына тоқталайықшы, құрылтай дегеніміз не? 

- «Құрылтай» сөзінің түпкі мағынасы құралу, жиналу, түгелдену дегенге саяды. Құрылтай негізінен түркі-моңғол халықтарына ортақ. Олардың бір мемлекеттік мәселелерді шешу кезіңдегі ақсүйектертердің ресми кеңесі. Бұл құрылтай сөзінің түбірі “құрыл” моңғолдарда “қорал”, оның да түбірі бар “құр” немесе “қор” деген, яғни “жиналу” белгілі бір нәрсенің, біреулердің жиналуы. Яғни, бұл мемлекетке, жалпы халыққа қатысты үлкен, ірі мәселелерді, ірі шешімдерді қабылдауда үлкен жиын болып, құрылтай жиналады. Бұл негізінен хан сайлау кезінде немесе жауланған жерлерге иелік ету болсын, әскери жорықтың негізі жоспарын бекіту, әскер басын тағайындау сынды ірі-ірі мемлекеттің мәселелерін шешуге ұйымдастырылған ұлы жиын.

- Қазақ тарихындағы белгілі құрылтайларға тоқталып өтсеңіз.

- Тарихта құрылтайлардың бірнеше түрі болған. Мен қазақ тарихындағы негізі екі құрылтайды атап өткім келеді. Бірі - “Қарақұм құрылтайы”. Ол 1710 жылы бүкіл қазақтың өкілдері жиналып, ықпалды мемлекет хандықтың өкілдері жиналып үш жүзді жоңғардың басқыншылығына қарсы күресті ұйымдастыру үшін құраған. Ол құрылтай Арал теңізінің солтүстігінде, Қарақұм алқабында өтті. Бұл бас қосуға негізігі ықпал жасаған Тәуке хан болды. Ол қазақ жасақтары мен қазақ руларын басқаруды, құрылымдық тұрғыдан қайта ұйымдастыру жоспарын құрды. Бұрынғы бейбіт кездегі құрылым жеткіліксіз болғандықтан, енді соғыс жағдайындағы қорғаныс қабілетін нығайту үшін сұлтандардың билігін шектеп, негізі шешуші тұлғаларды, үш жүзге жауапты билер арқылы басқаруға ұмтылды. Жиынға қатысушылардың пікірілері оған ортақ болған жоқ, дегенмен, бұл сол кездегі тарихи ұлы жиын еді.

Бөкенбай Қараұлы деген батыр болды, халықты жоңғарларға қарсы шабуыл жасауға көндірді. Яғни көпшілігі андысын аңдиық дегендей пікір айтты. Ал бұл батыр Бөкенбай шабуыл жасауға көндірді. Бұл бас қосуда хандар арасынан жоғарғы қолбасшы сайлау туралы мәселе көтерелді. Оған Қайып сұлтан мен Әбілхайыр хан қатысты. Сөйтіп, жасақтарға басты қолбасшы Бөкенбай жетекші болып сайланып, хан билігі Әбілхайырға берілді.

Тағы бір құрылтай, ол - “Ордабасы жиыны” немесе “Ордабасы құрылтайы”. Бұл 1726 жылы жоңғар жапқыншылығының кесірінен Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама апатына душар етуіне байланысты болды. Міне соған қарсы Алаштың бүкіл баскөтерулері жиналып Бадам өзені бойында Оңтүстікте Ордабасыдағы тарихи бас қосу болды. Бұл құрылтайға Әбілхайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар және Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың, тайпаның ықпалды билері, төрелері қатысты.

Бұл Ордабасы жиынында Әбілхайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға бірігіп, майдан құрып аттануға ант берісті. Яғни, бұл жолы да құрылтай -  елдегі халықтың, мемлекеттің барлық ресурсын біріктіріп, бір шешім қабылдап, соны іске асыруға барлық ресурсты жұмылдыру болды. Тарихи құрылтайлардың барлығы осыған байланысты болған.

Бұдан басқа ірілі-ұсақты хандар өздерін сайлату үшін құрылтайлар ұйымдастырғаны белгілі. Құрылтай - көшпелі мемлекеттің басты демократиялық шешім қабылдауға арналған жиыны.

- 17 маусым күні Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай туралы не айтасыз?

- Қазіргі жағдайда да құрылтай болып жатыр. Екінші құрылтай Түркістан қаласында өтті. Алайда бұл құрылтайда ешқандай шешім қабылдамайды. Белгілі бір тізім бойынша шақырылған азаматтар, лауазымды азаматтар, қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар жиналады. Солар шақырылып, өздерінің пікірлерін белгілі бір сала бойынша айтып, өздерінің ұсыныстарын берумен тарасты. Негізінен, менің ойымша,  оны құрылтай деп атауға болмайды. Бұл құрылтай емес, жай ғана Қазақстандағы  белгілі бір жоғарғы мемлекеттік алқаның бас қосуы деп атауға болады.

Ал біздің мемлекетте Ата заң бар. Ата заңмен белгіленген мемлекеттік органдар бар. Негізігі мемлекеттік шешімді сол органдар қабылдайды. Бізде парламент бар, президент бар, бізде үкімет бар. Сондықтан мұндай көшпелі өмір салтына негізделген, көшпелі мемлекеттің құрылтайы секілді органын сиыстыру, кірістіру әрине ол мүмкін емес. Бұл жай ғана формальді түрдегі сырттай формасы ғана құрылтай, ал мазмұны мүлдем басқа жиын болып табылады деп ойлаймын. Сондықтан оны құрылтай деп атау тарихи біздің қалыптасқан көшпелі мемлекеттің органының, оның институтын,оны тәркету белгілі бір жағдайда құнын түсіру есептеледі. Сондықтан ондай бас қосуды құрылтай деп атамау керек.

Құрылтайға әдетте әрбір өңірден,әрбір рудан, тайпадан арнайы сайланып тағайындалған азаматтар барады, ал орталық биліктен, хандықтан арнайы тізіммен шақыртылмайды. Құрылтай - маңызды шешім қабылдайтын маңызды жиын. 

Сұхбат бергеніңізге рахмет!

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер