«Масс-медиа»туралы Заң жобасы қаралды

1954
Adyrna.kz Telegram

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында «Масс-медиа»туралы Заң жобасы қаралды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әріптестер тарапынан бірқатар өткір сауал туындап, жан-жақты талқылап бақтық.
Комитеттен жобаға оң қортынды беріліп бірқатар депутатпен бірге жұмыс тобына кірдім. Өзім де біраз жыл осы журналистика саласында қызмет атқарғандықтан ондағы түйткілдер, қордаланған мәселелер маған етене таныс. Алдағы уақытта осы Заң жобасы аясында ауқымды жұмыс күтіп тұрғаны анық. Тас жарып, тау қопармасақ та, хал-қадірімізше қызмет ететін боламыз»,—деді ол.

Депутат отырыста пресс-картаның қолданылу мерзімі, журналистер куәлігінің көптігі сынды бірнеше мәселені көтерді.

Айта кетейік, 21 сәуір күні «Ашық НҚА» порталында «Масс-медиа туралы» заң жобасы жарияланған еді. Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін және ҚР Конституциясына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.

Пікірлер