ДИАС НҰРАҚЫН: Қош бол 4 %. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы ашылғанда жаңа көлік аламын деп жүргендердің соңғы үміті үзілді.

2543
Adyrna.kz Telegram
Қош бол 4 %. Шірік "Мазданы" шандыр жіппен байлап, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы ашылғанда жаңа көлік аламын деп жүргендердің соңғы үміті үзілді.
Былтыр дәл осы уақытта 4 пайыздық автонесие бағдарламасы ашылып, ол 30 жылға арналады деп атқамінерлер ауыздарын көпірткен еді. Бірақ бір жылға жетпей тоқтады.
Енді револьверлік жүйемен жинақталған ақша автобус паркін жаңалауға жұмсалады дейді Индустрия министрі. Марат Қарабаев аймақтардағы қоғамдық көліктер әбден тозған, сондықтан 4 пайызға арналған ақшаны автобустар сатып алуға бағыттаймыз деп айды аспанға шығарды.
Қолынан боқ келмейтін министрлер осылайша жап-жақсы мемлекеттік бағдарламаның быт-шытын шығарды. Қазір елімізде 4 пайыздың ашылғанын күтіп жүрген 40-50 мың азамат бар.
Индустрия министрлігі сол қарапайым халықтың емес жолаушылар тасымалымен айналысатын санаулы топтың лоббиіне бүйрегін бұрды. Себебі көптеген қалаларда қоғамдық көліктер қалалық әкімдікке емес жеке компанияларға тиесілі. Сондықтан автобустарын жаңарту мемлекеттің емес кәсіпкердің мойнында болуы тиіс.
Пікірлер