ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН-ҰЛЫ: Іштегі төтенше жағдайды реттей алмай отырғанда, сырттан келетін төтенше жағдайға мүлдем дайын емес екенімізді мойындау керек.

2218
Adyrna.kz Telegram
Неге біздің еліміз төтенше жағдайларға қауқарсыз? Себептері төмендегідей деп ойлаймын:
1. Жүйелі жемқорлық. Министрліктен бастап, облыстық құрылымдарға дейін.
2. Облыс басқарудағы техногендік және адами факторлардан туындайтын төтенше жағдайларға немқұрайлық. Облыс әкімінен бастап, ауыл деңгейіне дейінгі әкімдердің төтенше жағдайға қалдықтық принципте мән беруі.
3. Инфрақұрылымның тозуы. Жыл сайын қаражат бөлінгенмен, коррупциядан облыстар қажетті техникамен жабдықталмайды.
4. Мықты профессионалдардың, өз саласының кәсіби мамандарының аз болуы. Жалақының мардымсыздығы.
5. Өткеннен сабақ алмау. Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарын су басып, Қостанай, Абай облыстарын өрт шалса да, бір күндік аза тұтумен қайтыс болған адамдарды еске алып, тез ұмыту. Құзырлы орган басшылары сабақ алмайды. Ең өкініштісі — қателіктер жыл өткен сайын қайталанып, жаңа көлем алуда.
Алдын алу үшін не істеу керек?
1. Алдын алу немесе превентивті шаралар алгоритмін дайындау. Халықты үнемі хабарландырып отыру. Ол жағынан облыстардағы барлық салаларда толық тәуелсіз аудит жасап, шынайы жағдайға реалистік көзқараспен қарау;
2. Инфрақұрылымдық реформа керек. Қажетсіз органдарды жауып, мобилді қызметтерді заманауи технологиямен жабдықтап, мамандарды қайта даярлаудан өткізу. Әрбір 2 жылда жаңа әдістер мен технологияларға үйрету.
3. Төтенше жағдай саласындағы мамандардың жалақысын көбейту, оларға әлеуметтік саты деңгейін жаңа моделмен қарау.
Қазақстанның ішіндегі төтенше жағдайды реттей алмай отырғанда, сырттан келетін (су тапшылығы, топырақ эрозиясы, ауаның экологиялық ластануы) төтенше жағдайларға мүлдем дайын емес екенімізді мойындау керек. Ондай жағдайда соғыссыз ақ жеңілетін боламыз.
Пікірлер