CАМАЛ ИБРАЕВА: Карт-бланш берілген министрдің бірі Зүлфия Сүлейменова еді. Дәл қазір Зүлфия мен 30 жыл отырған шенеуніктің еш айырмашылығы жоқ.

2278
Adyrna.kz Telegram
Достар, айтайын дегенім.
Экология министрілігінде кезінде жұмыс жасап, орманшыларды жеке танығаннан кейін, саланы сәл пәл болса білгеннен кейін немқұрай қарай алмай жатырмын. Сондықтан дұрыс түсініңіздер. 15 адамның өмірі қиған бұл трагедия біраз мәселенің бетін ашып жатқанын өздеріңіз де көріп отырсыздар.
Зүлфия Сүлейменованың жеке басында шаруам жоқ. Министр болып тағайындалғанда, қуанған адамдардың бірі болғандардың қатарында мен де болдым) Мен кадрлық саясаттың жасарғанын, гендерлік тепе-теңдіктің сақталуын қашанда ашық айтып, жазып жүретінімді жақсы білесіздер.
Сонымен айтайын дегенім:
Біріншіден, Экология министрлігінің құрылымында Сүлейменова ханым біраз жыл жүр. Судай жаңа келген маман емес. Департамент басқарды, кейін мәжіліс депутаты болып Парламенттен бірақ шықты. Экология вице министрі болды, одан кейін министр болып тағайындалды. Келе сала бүкіл замдарын ауыстырды. Ақордадан карт-бланш берілген министрлердің бірі дәл осы Зүлфия Сүлейменова еді. Жаңа Қазақстан ғой, жасасын, өзгертсін деп қабылдадық.
Алайда, сенесіздер ме, әлі күнге дейін орман шаруашылығын қалағайлайтын вице министр тағайындалмаған. Бүкіл орынбасарлар ішінен не бір орманшы жоқ, не бір эколог жоқ. Адам танымайтын, өмір көрмеген жас министр коллективті екіге бөліп, әріптестерімен тек көмекшілері арқылы ғана тілдеседі екен. Оған қоса телохранителі бар екен. Арнайы опергруппа жасақтап, ойнына келгенін жасаған.
Екіншіден, 16 мамыр күні Зүлфия ханым үкімет отырысында баяндама жасап, өрттің алдын алуға бәрі сақадай сай деп есеп берген. Яғни баяндама жасар алдында әр министр үй жұмысы ретінде тақырыпқа дайындалып, оны зерттеу керек болатын.
Үшіншіден, 28 мамыр басқа емес, именно Шығыс Қазақстан облысына барып тұрып, өртке қарсы шаралар жүргізген. Дәл сол сапарда министр ханым фотосессия жасағанша, кеше өртеніп кеткен орманшылармен тілдесіп, жағдайларын сұрап, барлық техниканы өз көзімен көруі керек еді. Сонда ол рациялардың істемейтінін, техниканың жоқтығын көретін еді. Егер Зүлфия жас та болса тиянақты маман ретінде мәселені тереңінен қарап, шынайы жағдайды көріп, Астанаға келіп, Ақордаға кіріп шу көтергенде жағдай басқаша болар ма еді? Жаз кезінде өрт қауіпі жоғары. Министр Шығыс Қазақстаннан келе сала форумдатып жүрді.
Төртіншіден, 8 маусым күні өрт 11.58 басталған. Жергілікті орман шаруашылықтары төтенше жағдай орын алғанда бірден Астанаға орталық аппаратқа хаьарлап, нұсқау күтеді. Дәл осы сәтте орман шаруашылығы комитеті министрдің келісімі бойынша нақты нұсқаулар беруі қажет еді. Мұндай ЧП кезде Семей орманы Экология министрлігі қарамағында болғандықтан, дәл осы министрлік ЧС-ке, Әкімдікке қоңырау шалып, барлығын жедел көтеру керек болатын. Сонымен қатар, экология министрлігі қарамағында Казгидромет деген ұйым бар. Бұл өрт шыққан жағдайда, министр Казгидрометтің мамандарын шақырып алып, ауа райы бойынша нақты болжамды қарап, желдің қай жақтан қалай болатынын қарап, Семей орманшыларына нұсқау беру керект тұғын. Әрине, бұл жұмыс жасалынбаған. Уақытты жоғалтып алған. Желдің қалай келетінін білмеген орманшылар өртті өздері сөндіруге көшкен.
Бесіншіден, дәл қазір мен үшін Зүлфия мен 30 жыл отырып дым бітірмеген біз сынап жүрген шенеуніктердің еш айырмашылығы жоқ. Мойнына жауапкершілік ала алмайтын, креслоға жабысып алғандардың талайын көрдік. Жап-жас болып қателікті мойындай алмай, оған қоса мынандай трагедиялық жағдайда өзін жақтайтын блогерлерді жалдау, боттарды қолдау тіптен ұят.
Алтыншыдан, Құдай үшін, «салада мамандар жоқ, басқа кадрлар жоқ, ағылшын тілін керемет білетін Зүлфиясыз экология министрлігі құлайды» деп өтірік жоққа шығармауларыңызды сұраймын. Мықты орманшылар бар, мықты экологтар бар, мықты су мамандары бар, мықты иинспекторлар бар. Өмір бойы осы салада адал еңбек етіп, алған тиын-тебеніне қанағат деп табиғатты қорғауға жанын салып жүрген қаншама қызметкерлер бар.
Жаңа Қазақстанда аспаннан түскен киндерсюрпризлерді емес, крышасы болмаса да, адал қызмет етіп жүрген саланың мамандарын тағайындаңыздар. Және де бұл тек қана Экология министрлігіне қатысты деп ойламаймын.
Осымен “Зүлфия Сүлейменованың кейсі” Ақордаға сабақ болады деп сенемін. Әркім өз жұмысымен, өз саласымен айналыссын.
Пікірлер