Төтенше жағдай экс-министрі Ильиннің үстінен тексеріс жүргізілуде

3302
Adyrna.kz Telegram
Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz

Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қызметтік міндеттеріне немқұрайлылығы мен салғырттығы үшін тексерілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент Бас прокуратураға тапсырма берген, соның негізінде тексеріс жүреді. Орманның өртенуі – төтенше жағдай, адам шығыны болды, сондықтан қылмыстық іс кезінде тексеріс болып, неге уақытылы шара қабылданбағаны, салғырттық, қызметін дұрыс атқармау фактілері тексеріледі, – деді сейсенбі күні журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, министр Абай облысындағы өрттің шығуына от қою, салғырттық немесе найзағай себеп болуы мүмкін екенін айтты. Министрлікке бұл жағдайды тергеп-тексеруге екі ай уақыт берілген.

Еске салайық, Абай облысындағы орман өрті 60 мың гектар жерді шарпып, 14 орманшы қаза тапты. Қазір тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт аумағы 60 мың гектардан 43 мың гектарға азайғанын хабарлады. Өрт шарпуы мүмкін деген ауылдардың тұрғындары Семей қаласына эвакуацияланды.

Пікірлер