Жетісуда ирригациялық құрал-жабдықтар шығаратын зауыт ашылады

1447
Adyrna.kz Telegram

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы Жетісу облысы экономикасының дамуына тың серпін береді. Оның аумағында 2030 жылдың соңына дейін жалпы құны 570 млрд. теңгелік 30 жобаны іске асырылу межеленген.  Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің үйлестіруімен Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» туристік нысанында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

АЭА-да ҚХР-мен бірлесіп, «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды технопарк құрылысының жобасы қолға алынуда. Аумағы 1000 га болатын жобаға 330 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. «Жобаны жандандыру туралы меморандум жасастық, жыл соңына дейін құрылыстың бірінші кезеңін бастау жоспарланып отыр», - деді Б.Исабаев.

Спикердің сөзіне сүйенсек, өңірдің аграрлық бағытын ескере отырып, АЭА аумағында Қытайдағы жаңбырлатып суару жүйесінің ірі өндірушісі «VODAR» компаниясы құны 20 млн. доллар болатын ирригациялық құрал-жабдықтар шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр. Алғашқы желісі биылғы жылы іске қосылады.

Сонымен қатар облыстың шекаралық аймақта орналасуын тиімді пайдалану үшін көлік-логистикалық салада Dostyk TransTerminal», «DAR RAIL Infrastructure», «ETT Dostyk» компанияларының 3 жобасы қарастырылған. Яғни көп функционалды жүк тиеу терминалының құрылысы жүргізіледі, құны 57,3 млрд.теңге, жалпы қуаты 11 млн. тонна немесе 630-700 мың  контейнер.

Еске салсақ, 3 жылдық үзілістен кейін «Қорғас» ХШЫО өз жұмысын қайта бастаған болатын. Жұмыс режиміне өзгерістер енгізіліп, тауар тасымалдаудың жаңа нормалары бекітілген. Қазіргі кезде Үкіметтің қаулысымен «Қорғас» ХШЫО әкімдік балансына берілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікірлер