Біздің тағдырымыз бір!

1702
Adyrna.kz Telegram

Абай облысында орын алған апат кезінде мемлекеттік органдардың жұмысына еріктілер мен белсенді азаматтар қосылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші Абайдағы лаулаған өрт аймағында жүргендерге 180-нен астам еріктілер көмек көрсетуге асық. Тынымсыз еңбек етіп жатқан өрт сөндірушілермен бірге үш штабқа бөлінген жергілікті желі мүшелеріде ауысыммен қолдан келер көмекті аямауда.

“Біздің тағдырымыз бір!” деген Ұлттық волонтерлік желісіндегі еріктілердің бір бөлігі азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алып, буып-түйіп, тамақ әзірлеумен айналысса, автоеріктілер заттарды тасымалдайды. Орманда жүріп-тұруға рұқсат қағазы барлар күзет пунктіне дейін заттарды жеткізіп отырады.

Аталмыш желі екі күн ішінде тұрғындардан 14.789.129,63 теңге көлемінде қаражат жинаған. Бұл ақша нақты мақсатта, апат аймағында тұрып жатқан тұрғындар мен өртті сөндіруде қызмет етіп жатқан азаматтардың қажеттілігіне бағытталатын болады.

Тек бүгін ғана 400 келі қой және құс етімен, 600 келі картоп, сәбіз, пияз сынды көкөністермен, 100 литр өсімдік майымен тұрғындар қамтамасыз етілген.

Пікірлер