Алматы қаласындағы дебат қозғалысы қалай өрбуде?

8698
Adyrna.kz Telegram

Мамыр айының 30 – жұлдызында АПФ ҚБ – нің ұйымдастыруымен Алматы пікірсайыс жастарының жылдық қорытынды кеші өтті. АПФ(Алматы Пікірсайыс Федерациясы) Қоғамдық Бірлестігі өз құрамына 18 университет, 26 мектептен тұратын және ағылшын, орыс және қазақ лигалары бойынша пікірсайыс төңірегінде жобалар жасайтын ұйым.

Алматы жастарына алғаш рет 1994 жылдан таныла бастаған пікірсайыс қозғалысы бірден танымалдыққа ие болып, үлкен қызығушылық тудырды. Американдық Парламенттік Формат бойынша басталған ойындар орыс, қазақ лига студенттері арасында ойнатылып, ауқымды турнирлермен жалғасты. Осылайша алғаш рет университеттер ішінде пікірсайыс клубтары ашылып бастады.

Ал, тереңірек үңілетін болсақ алғашқы қазақ дебатерлары ретінде Алаш зиялыларын айтсақ болады. Мысалы, пікірсайыста қолданылатын «қарар» - сөзі Қазақ газетінің жарияланымдарына қатысты да қолданылады. Яғни, «қарардың» «тақырыптан» басты айырмашылығы баяндама жасауда емес, қызу талұыға салуда болып отыр. Сонымен қатар, жалпықазақ съезінде Мұстафа Шоқай бастаған «мұсылман фракциясы» немесе «Алаш фракциясы» деген секілді сөздерді кездестіруге болады. Ал, пікірсайысқа қадам басқан кез келген адам «Үкімет фракциясы – Оппозиция фракциясы» деген сөздерді естіп жатады. Сонымен, пікірсайыс дегенді қалай түсінеміз?

Пікірсайыс – бір тақырыптың төңірегінде жан – жақты зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы ережелер төңірегінде сайысқа түсуі. Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамы бойынша 2025 жылға дейін барлық қызметкерлердің 50% — ы қайта оқытуды қажет етеді. Осындай ақпараттық алаңда, сұранысқа ие болуға аса қажетті қабілеттер санатына – критикалық және аналитикалық ойлау, проблеманы шешу және жан – жақты қарай алу қабілеті, көшбасшылық және көпшілік алдында шебер сөйлей алу сындылар жатқан екен.

Меңгеретін қабілеттер - мәселен пікірсайыс қатысушыларға көпшілік алдында сөйлеу, дәлелдеу және өз ойын тиімді жеткізу қабілеттерін жақсартуға көмектеседі. Бұл дағдылар тек пікірталаста ғана емес, өмірдің көптеген басқа салаларында, соның ішінде кәсіби мансапта да құнды. Сондай ақ пікірталас сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді, өйткені қатысушылар әртүрлі дәлелдер мен дәлелдемелерді талдап, бағалауға мәжбүр болады. Бұл оларға шешім қабылдауда және өз пікірлерін қалыптастыруда білімді және аналитикалық болуға көмектеседі.

Пікірсайысты медиа алаңында, жастардың әлеуметтенуі мақсатында және бастысы ең ықпалға тез түсетін мектеп оқушылары арасында көбірек дамыту, қолдау шаралары арқылы ұлт ертеңіне қызмет ететін зиялы қоғам азаматтарын қалыптастыруға болады. Себебі, кемелдіктің ұлы шыңы – өзі өмір сүретін қоғамды жақсартуда.

Негізі оқушылар мен студенттердің дебаттан алатын құндылықтары өте көп. Соның ішінде өзін өзі дамытуға арналған академиялық, достық ортада көптеген нетворкингтік байланыс алуға болады. Пікірсайыс түлектері қатарында: Асхат Канатович Аймагамбетов, Ерболат Мұхаммеджан, Руслан Желдібай сында азаматтар бар.

Осындай қозғалыстың тұрақты дамуын миссиясы қылған Алматы Пікірсайыс Федерациясы 2019 жылы құрылып, 2023 жылы ресми Қоғамдық Бірлестік болып тіркелді. Алғашында мақсаты – ортақ төрешілер ережелері мен базасын құру болып, тренингтер өткізіп бастаған. Кейіннен бұл ұйым қызметі үлкенірек ауқымға ие болып, жобалар ауқымын кеңейтті.

Алматы Пікірсайыс Федерациясы өзінің соңғы жылдағы жұмысының өзінде бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Атап айтсақ, бірнеше республикалық турнир, Нұр Отан ауыспалы кубогы 5 қалалық оффлайн турнирі, 3 қалалық онлайн туринрі , 1 республикалық орта және жас буындар турнирін өткізді. Одан бөлек, «Азамат-пікірсайыс алаңы» атты телепроектті «Ел арна» арнасымен біреге түсіріп,эфирге шығарды. Бағдарламада әр апта сайын Алматы қаласының үздік пікірсайысшыларды көкейкесті мәселелерді талдап, пікірсайыс аудиториясын кеңейтуде.

Сонымен қатар, алғашқы «Дебат-интеллектуалды пікірсайыс алаңы» атты дебат қозғалысына байланысты 2-томдық кітап жазып,қазіргі таңда мектеп және университет пікірсайысшылары кеңінен қолдануда. Кітап сатылымы 1000 – ға жетіп, қазіргі таңда баспада 2 – саны шығарылуда. Сондай – ақ, 2021 - 2022 жылы Алматы қаласы Білім Басқармасындағы дарынды балалармен жұмыс орталығымен  "СТУДЕНТТІК ДЕСАНТ" жобасының аясында 2 тілде 3600 оқушыны қамтыған  2 айлық мектеп оқушыларына семинар тренинг, 30 тренер дайындап шықты. Ортақ атқарылатын жобалардан бөлек әр клубтың дәстүрлі өткізетін республикалық, халықаралық және қалалық турнирлерінің нәтижесі де аз емес.

Мектеп лигасына арнап, гранттар мен жеңілдіктер ойнататын жыл турнирлері қатарына «Sirius» пікірсайыс клубы мектеп оқушылары арасында «Sirius Cup V» турнирін, «Бөлтіріктер додасы» аталатын жас буындардың алғашқы ішкі турнирін ,ТЭО ЖПМ – нің «ICE - SCREAM», «TEO CUP» секілді турнирлері бар.

Пікірсайысқа ең мұқтаж топтардың бірі ретінде балалар үйін айта аламыз. Қоғамға, үлкен өмірге шыққаннан кейін тәрбиеленушілердің өзін сенімді ұстап, жақсы жұмыс орындарына орналасу қабілеттерін пікірсайыс арқылы меңгеруге болады. Осы мақсатта, Алматы қаласындағы балалар интернатымен қайырымдылық жобалары мен дебат тренингтері өтті.

Халықаралық деңгейге шығу үшін American Space, Caravan Knowledge секілді ұйымдармен келісімшартқа отырып, ағылшын тіліндегі конференция – турнирлер жоспарлануда.

Бұл шаралардың барлығы пікірсайыс жанашырларының өз қалауымен, үлкен қаржылай көмектерсіз – ақ жасаған, азды көпті шаралары болып табылады. Өз кезегінде енді үлкен айналымдар алып бастап жатқан Федерация барлық ұсыныстарға ашық.

Мерей РАШИДҚЫЗЫ,

Алматы Пікірсайыс Федерациясы Президенті

 

Пікірлер