КОММУНИСТТІК ҚАРА ТҮНЕК ИМПЕРИЯНЫҢ СОҢҒЫ ДЕМІ немесе EMPIRE COLLAPS

380

Ли Куан Ю КСРО жайында не деп еді?

1957 жылы Кеңес өкіметі алғаш рет ғарышқа жер серігін ұшырып, адамзаттың тарихында сенсациялық жаңалықты әлемге таратып жатты. Сол уақыттағы кеңестік ақпараттық құралдары келмеске кеткен Кеңес одағының технологиясын мақтап дәріптеп, әлемнің ең алдыңғы қатарлы өркениетті елі деген жарнамаларды да қарша боратқан еді. Дәл сол уақытта Джесселтонда қазіргі «Сингапурдың әкесі» атанған Ли Куан Ю-дың соты болып жатқан шақ еді. Дәл осы әлемге тараған сенсациялық жаңалықтан құлағдар болған жас әрі болашақ өркениетті елдің негізін қалаушы азамат Кеңес одағы жайында көп мағұлматтар білу үшін, сол елдің ғылымы мен технологиясы, өркениеті және мәдениетімен танысу үшін арнайы ізденіске кіріседі. Ли Куан Ю оның алдында Кеңес одағы мен Қытайдағы адам құқықтары мен бостандықтарының шектелуі, билік тарапынан орын алған бюрократия мен цензура, екі алып елдің көршілеріне жасаған қоқан лоқысы мен қысым көрсететіні жайында да көп хабардар болып жүрген. Содан кейін, яғни, 1961 жылы Кеңес одағы ең алғашқы болып ғарышқа өзінің азаматын – Юрий Гагаринді аттандырды. Сонда Ли Куан Ю өз жерінде осы жаңалықты есітіп, кешелектің бәрі Кеңес одағының қолында деп түйін жасапты. Сонымен болашақ саясаткер 1962 жылы Лондонда өткен «Әлем ұлттарының достығы» конфенерциясына қатысып, жолшыбай болып Мәскеу қаласына тоқтайды. Мәскеу театрларына барады. Сонда мәскеулік қызметкерлар Ли Куан Юды қоршап алып, жол жөнекей өзі күтпеген дөрекі мінездер көрсетеді, саяси тұлғаларға жараспайтын біртүрлі қарым-қатынас жасайды. Бір көргеннен олардың түсі суық, дөрекі, ұнамсыз қалыптарын байқайды. Кейіннен ол Мәскеудегі «Националь» деген қонақ үйге тоқтап, арнайы нөмірді жалдайды. Өзінің хатшысы Чу мен бірге қонақ үйде түрлі түрлі аңдулар мен жымысқы әрекеттердің кәусі болады. Түннің бәрінде ояу жатып, әртүрлі қорқынышты бастан өткереді. Ол осы жағдайлардың барлығын өзінің «Үшінші әлемнен бірінші әлемге» деген кітабында толық баяндап, Мәскеудегі есінде қалған жаман әсерлерімен бөліседі. Қонақ үйдің толық келген әйел қызметшісі оның алдына қақталған балық, арақ, қара шай мен шошқа майын қойып кетеді. Ертесіне қайта театрға барып, кешке оралғанда дастарханның үстіндегі заттар сол бойы жиналмаған бойы жата бергенін көреді. Қаланы аралап жүргенде қоғамдық орындардың ешбірінде жуынатын, шайынатын орындардың тазалықты сақтамағанын, қалай болса солай тұра беретінін келтіреді. Ол кездерде Мәскеу қазақтар үшін адам жете алмайтын арман қала болатын. Дәл сол сәтте Лиді Мәскеудің Оңтүстік Азия елдерімен қарым-қатынас бойынша өкілі әрі мәдениет министрлігінің қызметшісі болып жұмыс жасайтын Кузнецов деген ертіп алып жүрген екен. Сонда Ли Куан Ю КСРО жайында осы уақытқа дейін естіп келген фактілерді Мәскеудегі мемлекеттік қызметкерлердің суық жүзін көргенде, олардың дөрекі қарым-қатынастарын байқағанда бәрі жалған екенін бір сәтте ұғынады. Сол сәтте Кремльдің аспаны қара түнек, ызғар мен дауыл шашып тұрғандай, адам интуициясына соғыстың лебін алып келгендей сезім қалдырап тұратынын өзінің кітабында баяндап өтеді.
1968 жылдан бастап КСРО мен Сингапурдың арасында саяси дипломатиялық қарын-қатынас басталады. Ли Куан Ю сол кезде КСРО-ның Үнді мұхиты мен Тынық мұхитына шығатын балық аулау кемелерінен басқа ештеңесі жоқ екеніне көзі жетеді. 1969 жылдан бастап екі елдің арасында балық өнеркәсібі мен консервілеу, кемелерді жөндеу, басқа да шағын стратегиялық минимальді экономикалық байланыстар жасалып, соңынан КСРО Сингапурдың ішкі өндірісі мен өнеркәсібіне, ғылымы мен технологиясына сұқтана қарай бастайды. Әлемнің жартысын алып жатқан ел алақандай елдің жасап жатқан шаруасына қарап, күншілдікпен, қызғанышпен, ашқарақтана қарағанын Сингапур өкіметі сезіп отырады. 1969 жылы Ли Лондонға «Scandinavian Airlines System» рейсі арқылы Гонгконг, Ташкент, Копенгаген бағытымен ұшып бара жатып, ұшақтың ауа райына байланысты режиміне орай тоқтауына себеп болып, ауа райының ашық уақытында Мәскеуге келіп қонады. Ол жерде оны КСРО-ның Сингапурдегі елшісі Илья Сафронов күтіп алады. Сол кезде Ли Куан Юдің жанында өзінің хатшысы Чу де болады. Сафронов өзі қытай тілін жақсы білетін, Қытайда да елші болған адам екен. Ол Лимен қонақ бөлмеде Қытайдың Сингапурге саяси ықпал жасап отыратынын, сол жайында терең зерттеп жүргенін жеткізеді. Кейіннен Лиді КСРО-ның премьер министрі Алексей Косыгинмен кездесуге шақырады.
1970 жылы Ли Каирден Мәскеуге қайта ұшып келеді. Әуежайда оны күзет пен гвардия күтіп алады. Сонда Ли Куан Ю сол жердегі суық кездесуді, алдында темір құрсанған әскерлердің өзінен сәлем беруін талап етіп тұрғандай сезінуін өзінің кітабында жан жақты тарқатып айтып өтеді. Ол өзінің сол жерде майданның ортасында қалғандай сезімде болғанын баяндайды. Содан кейін Ли КСРО жоғары кеңесінің төрағасы Николай Подгорныймен кездеседі. Подгорный оған екі елдің арасындағы экономикалық, стратегиялық байланыстардың өте керемет нығайып жатқанын айтады. Бірақ бұл кездесу Ли Куан Юге ешқандай оң да әсер қалдырмай, бәрі де жасандылық екенінен толық хабар береді. Сосын Подгорный Лиді Сочи қаласындағы өзінің жеке үйіне апарып, кереметтерін көрсетіп мақтанып, саясаткерге жат қылықтар мен мәдениетсіздік танытады. Осындай алып елдің лауазымды тұлғаларының мынадай майда қылықтарына Ли Куан Ю таң қалып, өзін нашар сезінгенін толық баяндайды. Бұл елмен ешқандай да стратегиялық әріптес болудың керегі жоқ екендігіне көзі жетеді. Ол жерде Сингапур мен Малайзияның арасындағы 1969 жылға кикілжің жайында баяндалады. АҚШ-тың Сингапурдегі соғыс кемелеріне капиталды ремонт неліктен жасалатынана, АҚШ-пен неге экономикалық байланыс орнатылғаны, Ұлыбританияның соғыс кемелері мен ұшақтары не үшін тұрғаны сұқтана сөз болады. Ли оның бәріне бір ғана «коммерциялық байланыс» деп жауап қайтарады. Косыгин мен Подгорныйдың сөзінен Ли Куан Ю Сингапурды АҚШ-пен және Ұлыбританиямен саяси-экономикалық байланыс орнатуын шектейтін арам пиғылды анық көріп отырады. Сосын олар Сингапурге кеме жөндеу мен өнеркәсіпті дамыту, сауда қатынастары бойынша шарттар жасасатынын тілге тиек етеді. Сонда Ли Куан Ю осы екеудің, яғни, КСРО-ның екі лауазымды адамынан ешқандай да өркениетті, стратегиялық, экономикалық, елді өсіретін ешқандай да концепция мен технократтық қасиетті көре алмайды. Тек Косыгиннің «КСРО Еуропа мен Азияның алып державасы» деген сөзін қайталай бергенін ғана естиді. Осы сапарда Ли КСРО-ның қандай дөрекі, қонаққа деген өте тар пейілін байқағанын өзінің кітабында жан-жақты айтып кетеді. Мәскеуден Сочиге ұшатын ұшақта да Лиге қақталған балық пен нан, икра мен арақ қойылады. Осы жағдай Лиге бұл елдің қаншалықты саяси стратегиялық әріптес болатынын алғашқы кезден-ақ аңғартады. 1970 Сингапур КСРО-мен стратегиялық әріптестікті тоқтатады. 1980 жылы Ли Куан Ю КСРО-ның АСЕАН-ға ешқандай да қолдау жасамайтынын, Ауғанстан жерінде басқыншылық соғыс жүргізгені, Камбоджаның Вьетнамға қарсы оккупациясын қолдайтынын, Азия елдеріне саяси геополитикалық мақсатта агрессиялық саясат ұстанатынын толық біледі. Соңанан КСРО-мен Қытайдағы бірінші хатшыны шектен шыққан мақтау мен дәріптеу, ақылға сыймайтын жағдайлар, орынсыз даурығулар, қай жерге барса да жеке басқа табыну сияқты сорақылықтардың бәрінен де хабардар болды. Ашынған КСРО 1980 жылдардан кейін Қытайдың Сингапурге қарсы саяси қысымын ашық қолдай бастады. Сингапурды қытайландыру саясаты да КСРО-ның бір қолымен жүзеге асты. 1980 жылы КСРО-ның Ауғанстанға басқыншылығы бойынша халықаралық қауымдастық Мәскеудегі олимпиада ойындарына байкот жариялады. Оған Сингапур де қосылды. Дәл сол сәтте осы алақандай мемлекет КСРО-мен барлық экономикалық-стратегиялық байланысын үзіп тастады. Қазіргі тілмен айтқанда, кішкентай аралдағы мемлекет жарты әлемді алып жатқан КСРО-ға санкция салды. Бүкіл кемелерді жөндеуді тоқтатты, сауда қатынасын үзді, жеңіл өнеркәсіпті жапты, кеңестік ұшақтарға сервистік қызмет жасауды доғарды. Міне, ерлік. Дәл сол уақыттарда Ли Куан Ю дүниені билеп отырған алып империя өз ішіндегі басшылардың надандығы мен арсыздығынан, білімсіздігі мен басқыншылығының салдарынан құрып тынады деп түйіндеді. Ол бір ғана сөзбен: «SOVET UNION: EMPIRE COLLAPS» деп тоқтаған. Сол КСРО ақыр соңында ішінен іріп шіріп, жағымпаздық пен надандықтан ыдырап кетті. Горбачевтің қайта құруы да ешбір нәтижесіз аяқталғаннан соң, КСРО өзін өзі ұстап тұра алмады. Қап қара түнекке батқан империя өзінің демін тоқтатты. Оның құрамындағы автономиялар өзінің дербестігін жариялады. Сосын 1990 жылы Ресейдің премьер министрі Николай Рыжков бастаған топ Сингапурмен 50 миллион долларға экономикалық байланыс жасаймын деген кезде Ли Куан Ю өз ықпалымен тоқтатып тастаған. Ол сол кезде «КСРО-ның өз құрамындағы автономияларын аяусыз қарызға тыққан, өзінің құрамындағы елдерге аяусыз қастандық жасаған, ешбір жауапкершілікті мойынына алмайтын, 50 миллион долларға бола Ресеймен экономикалық байланыс жасау біз үшін түкке тұрғысыз» деп ашық айтқан.

Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан от пен суға аяусыз түсіп, азғын Ресейдің таптауын сан рет бастан кешірген, мың өліп мың тірілген қазақты Жаратушым өзі жарылқасын! Қазақтың онда қанқұйлы тарихы мен зары жатыр. Сол себептен қазақтың сан жылдық отарының зардабын сезініп, қазаққа деген өкпе ренішімді жинап қоямын. Бұл геноцид әлі ашық айтылатын түрі жоқ. Бізден артық зобалаңды көрген ұлт тарихта болмаған.

БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН

Пікірлер