Үкімет кеңес өткізді. Жойқын өрт шарпыған аумақ 60 мың гектардан асты

2193
Adyrna.kz Telegram

Өрт шарпыған аумақ 60 мың гектардан асты. Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Абай облысындағы ірі табиғи өртпен күресу шаралары талқыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Үкіметтің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде өрттің жалпы ауданы 60 мың га-дан асады. ТЖМ деректеріне сай, алпауыт өрт Талица, Каштак, Барышевка, Успенка, Поднебесное және Камышенка елді мекендеріне қарай үш бағытта таралып жатыр.

Оны сөндіруге ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ЭТРМ және жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары жұмылдырылғаны айтылды.

800-ге маман адам, 190 техника және 8 тікұшақ тартылғаны хабарланды.

Сонымнен қатар, отырыста алпауыт өрт шарпыған ауданды қалың түтін басқанымен,  тілсіз жаудың лапылдап жанып жатпағаны баяндалды. Жалынның басылуына ауа райы, түнде және таңертең сіркіреп жауған жаңбыр әсер еткен.

Елді мекендерге төнген қауіп-қатердің сейілгені хабарланды.

Премьер-министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрлігі өкілдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер