Жыл сайын министр болып тағайындалатын Ильин қызметінен босатылды

4043
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеген еді. "Адырна" ұлттық порталы бұрынғы министрдің тек Президент айтқан соң қозғалғанын жазған болатын. Қазір алапат өрт Абай облысындағы қылқан жапырақты ормандардың басым бөлігін шарпып, ауыздықтауға ырық бермей, күшейіп алды.

Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 1968 жылы Ресейдің Куйбышев қаласында дүниеге келген.

1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер мамандығы бойынша, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады.

2016 жылғы сәуір айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылғы 11 қыркүйектегі ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда Президенттің Жарлығымен ҚР төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер