Басы ашылмаған әңгіме. "Жабайы Арманның" соттағы жеңісі туралы қайшы ақпарат тарады

3761
Adyrna.kz Telegram

"Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев күш құрылымдарының азаптау фактісі бойынша өткен сотта жеңіп шықты. Мұндай ақпаратты адвокат Олег Чернов хабарлады.  Дегенмен "Дикий Арманның" жеңісін жоққа шығарғандар да табылды. Белгілі журналист және қоғам қайраткері Әсет Матаев мұндай ақпаратқа қарсы уәж айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Белгілі журналист және қоғам қайраткері Әсет Матаев  Арман Жұмағелдиев "жабайы Арман" деген лақап атпен азаптау бойынша ешқандай қылмыстық істерде жеңіске жеткен жоқ, деп хабарлады.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Арман Жұмағелдиев азаптау бойынша ешқандай қылмыстық істерге қатысты өткен сотта жеңіске жеткен жоқ... Жұмагелдиевтің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ сот шешімі жоқ", - деді Матаев өзінің Telegram-арнасында.

Еске сала отырайық, азаптау және құқық қорғау органдарының өзге заңсыз әрекеттеріне қатысты өткен сотта Арман Жұмагелдиев жеңіске жеткені хабарланған болатын.

"Ол (Дикий Арман) азаптау және құқық қорғау органдарының өзге заңсыз әрекеттеріне қатысты сотта жеңді. Бүгін бұл туралы біліп, қатты қуанды. Заң ол үшін жұмыс істемейтінін, бірақ бүгін таңғажайып оқиғаның болғанын айтты", – деп жазды Олег Чернов.

Аталған іске қатысты сот жабық түрде өткендіктен, қалалық сот өкілдері нақты ақпараттың таратылмайтынын жеткізді.

Бұған дейін сот Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін созған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер