Ақпарат министрі Думан Мұхамедкәрім ісіне орай үн қатты

3006
Adyrna.kz Telegram

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі билікті қатаң сынап жүрген журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

«Оның үстінен өзінің журналистік қызметі үшін емес, саяси көзқарасы үшін қазір іс қозғалып отыр. Бұл жерде оның журналистік қызметіне кереғар шектеу қойылып жатқан жоқ. Ол саналы түрде саяси көзқарасы үшін осындай қадамға барып отыр»,—деп түсіндірді басқарма басшысы.

Ал журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, белсендіге жаңа айып тағылған.

«Думан Мұхаммедкәрімге қатысты 258-баптың 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұған дейін қозғалған 405-баппен біріктіріліп жатыр. Негізгі іс 258-баппен жүреді. Бізде жаңа ғана 258-бап бойынша қозғалған іс аясында жауап алынды. Думан қорғануға құқығы бар куә ретінде сұрақтарға жауап берді. Іс Әблязовпен болған сұхбатқа қатысты. Өзге ақпарат айта алмаймын»,—деді ол.

Еске салайық, 28 мамырда Қонаев соты «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» (488-бап, 12-бөлігі) деген айыппен
Думан Мұхаммедкәрімді 25 тәулікке қамаған еді. Алайда БАҚ өкілі сот шешіміне қарсылық білдіріп, аштық жариялады. Бұған дейін оның жақтастары 28 мамырда журналистің заңсыз ұсталуына байланысты құқық қорғау органдарынан тексеріс жүргізуді талап етті. Полиция өкілдері тексеріс жалғасып жатқанын хабарлады.

Пікірлер