Air Astana-ға 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

2439
Adyrna.kz Telegram

Билет құнын негізсіз өсіргені үшін Air Astana әуе компаниясына 7 млрд теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі халықтың авиабилеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде қатты сынға алуына байланысты Көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, компания қызметіне тексеріс жүргізді.

«Тексеру қорытындысы бойынша Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.

2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana-ға қатысты 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ»,—деді басқарма.

Пікірлер