АЛЬБИНА АТЕН: Асхаттың жақсы сюжеттеріне халық куә. Ал Даниял Кенжетайұлының қызметіне халық разы емес.

2632
Adyrna.kz Telegram
Өскемен толған менің нағашым. Бұл туралы үнемі жазамын. Анамның бауыры көп, үлкен отабсыдан шыққан. Өткен жолы Мария және Дария апайларым келіп осы кісі туралы біраз “жалобтарын” айтып кеткен еді.
Оларды алаңдататын ең маңызды мәселелердің бірі - экология. Соңғы жылдары “аты жаман” аурулар көбейіп кетті ол жақта. Сосын қаланың жүдеп кетуі. Ешнәрсе жаңартылмаған деседі.
Бердібек Сапарбаевты мақтап отыр. Сол кісінің жасап кеткені әлі тұр деп. Даниял Кенжетайұлы Өскемен жұртшылығымен кездесуді де қойыпты. Бір көпір соғылып басталған екен. Біздің ЛРТ ұқсап әлі бітпей тұрған жайы бар. Ал сол көпір аяқталса қарапайым халықтың жүріп-тұруына едәуір үлес қосар еді дейді әпкелерім.
Асхат Ниязов әріптесімізге жасалғандар санасы бар адамға күлкілі. Тіл біле ме, білмей ме шатағым жоқ. Асхаттың жақсы сюжеттеріне халық куә. Ал Даниял Кенжетайұлының қызметіне халық разы емес. Кімнен сұрасаң да осыны айтады.
Өскеменде тұмса табиғат та бар, қаншама өндіріс орындары да бар. Ертісің әне тұр. Соның бәрін тек менікі деп, “ескі Қазақстан” стилінде жымқыруды ғана көздеу өте обал деп ойлаймын. Бұл барша қазақтың Өскемені. Даниялдікі емес!
Пікірлер