Қазақстанда жұмыссыздар көрсеткіші 5% дегенге ешкім сенбейді – «AMANAT» фракциясының жетекшісі

2098
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/2023-06-07_kz2_2207.jpg
Қазақстанда жұмыссыздардың шынайы көрсеткіші статистикалық деректен әлдеқайда алшақ, дейді Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев. Оның сөзінше тәуелсіз сараптама қорытындысы жұмыссыздықтың екі есеге жоғары екенін анықтаған. «Жұмыссыздық деңгейі кейінгі 5 жылда 5% шамасында сақталып отыр. Бұл көрсеткішке ешкімнің сенбейтіні анық. Алайда, тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі 9-10%-дан кем емес. Бұл – кемі 900 мың адам деген сөз, яғни екі есеге көп. Ал бюджеттен бөлінетін қаржы тек уақытша жұмыс орындарын ашуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық тиімділікті сақтау үшін жұмсалып отыр», - деп атап өтті депутат. Ол сондай-ақ, халықтың тұрмысы төмендегенін, азық-түлік керісінше қымбаттағанын айтып, Үкіметтен оған қарсы шара қолдануды талап етті. «Халықтың несие алу деңгейі де өте жоғары. Мысалы 2022 жылы тұтынушылық несие – 30 процентке, яғни 13,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдермен шамалас қаражат. Яғни, аталған көрсеткіш – халықтың төлем қабілетінің төмендеуінің көрсеткіші», - деді ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от AMANAT партиясы (@amanat.partiyasy)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии