"18 мың грант игерілмеген". Министр себебін түсіндірді (ВИДЕО)

3007
Adyrna.kz Telegram

7 маусым күні өткен Мәжіліс отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке игерілмеген гранттарға қатысты сауал қойды, деп жазады "Адырна". Видео депутаттың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. 

Жұлдыз Сүлейменова "Аманат" партиясы атынан жыл сайын грант санын 5000-ға ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтты. Айтуынша, былтырғы жылы министрлік 18 мың грант игермеген. Алдағы жоспарлар жайлы және игерілмеген грант себебін министр Саясат Нұрбек түсіндірді:

"Негізгі себебі сіз өзіңіз атап кеткен нысаналы гранттар. Былтыр осы мақсатта Маңғыстау мен Атырау облысына он мыңнан аса грант бөлінді. 13 753 бала екі өңір бойынша мектеп бітірді және оның 11 500-і ҰБТ тапсырды. Бірақ 2297 бала ғана грантқа ие болды. Ең үлкен игерілмеген грант саны осы аймақтарда болды" деді ол.

Сондай-ақ, министр биылғы жылы демографиялық және салалық талдау жасалып гранттар санын қысқартқанын мәлімдеді.

Толығырақ видеода:

Пікірлер