Астанадағы су тапшылығы. Тұрғындар көшелерді жауып тастады (ВИДЕО)

2474
Adyrna.kz Telegram

Елордадағы бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары 6 маусым күні кешкісін үйлеріне су беруді талап етіп көшеге шықты. Бұл туралы жергілікті жұртшылық хабарлады, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Әкімдік бұл жағдайға үн қосып, құрылыс жүргізіп жатқан Sat NS  тұрғын үй кешенінің су желілерін «Астана су арнасы» серіктестігіне әлі бермегенін айтты.

«Қазір құрылыс компаниясына су құбыры желілерін жалғау бойынша қосымша жұмыстарды жүргізу қажет. Жұмыстар 1-2 күн ішінде жүргізіледі деп жоспарлануда», - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл мәселені Алматы ауданының әкімі мен Астана су арнасының өкілдері өз бақылауына алғаны нақтыланды.

Сонымен қатар, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек астаналықтарға қаладағы ауыз су тапшылығы туралы видеоүндеу жолдаған болатын. Әкім алдағы аптада Астана су қоймасынан су құбыры салынып бітетінін, бұл ауыз судың шектелуіне әкелетенін айтты. Ол тамыз айында қалаға тәулігіне қосымша 85 мың текше метр су келетінін де еске салды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер