Бір айдың ішінде су тапшылығы толығымен шешіледі - Астана әкімі

2708
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қала тұрғындарына су тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады "Адырна" тілшісі. Видео әлеуметтік желіде жарияланды. 

Қала әкімінің айтуынша су тапшылығына бірқатар мәселелер себеп болып отыр. Оның бірден-бірі тұрғындар санының көбеюі дейді әкім.

"Соңғы айда суару жұмысы басталып кетті. Өткен аптада болған +30 градустан асатын аптап ыстық осы аптада да жалғасады деп болжанып отыр. Бүгін де өздеріңіз жақсы білесіздер, күн райы +30 градустан асып тұр. Осыдан 2 жыл бұрын әкімдік екі жаңа нысанның құрылысын бастаған. Бірінші нысан – қазір өздеріңіз көріп отырғандай, мынау сорғы станциясы. Бұл нысанның құрылысы осы айдың соңына дейін толығымен бітеді және қалаға қажетті күніне 25 мың кубометр су берілетін болады. Екінші нысан – су құбыры, яғни Астана су қоймасынан қалаға келетін су құбыры. Бұл нысан да аяқталып қалды. Келесі аптада толығымен құрылыс жұмысы бітеді және қалаға қажетті су қысымы берілетін болады. Сонымен, бір айдың ішінде бүгінгі су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі. Ал тамыз айында бұл станцияның екінші кезеңінің құрылысы бітеді. Тиісінше қалаға күніне қосымша 85 мың кубометр су берілу мүмкіндігі пайда болады. Бұл алдағы 3-4 жылға жеткілікті" деп жазды ол парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер