Тоқаев ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

2052
Adyrna.kz Telegram

Хельга Шмидке Астана халықаралық форумына қатысқаны үшін алғыс айта отырып, Тоқаев бұл форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланысты нығайтудың жаңа алаңына айналуды көздейтінін атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Осы форумда Сіз бастаған ЕҚЫҰ делегациясы қазіргі әлемде орын алып отырған көптеген мәселелерді шешуге зор үлес қосады деп ойлаймын. Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықта болу саяси басымдық болып табылады. Біз Ұйымның рөліне қатысты бар келіспеушіліктерге алаңдаймыз. 2010 жылы Астанада өткен саммиттен кейін министрлер деңгейінде де, басқа форматта да бірде-бір ресми құжат қабылданған жоқ. Әрине, бұл бізді алаңдатады. Біз Ұйым аясында берік байланыстар қажет екеніне сенімдіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттік айтуынша, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның белсенді мүшесі болып табылады. Тоқаев еліміздің ЕҚЫҰ-мен өзара тиімді серіктестік пен ашықтық рухында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және Ұйымның Бас хатшысы ретінде Хельге Шмидке жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер