“Ішімдік” үшін босаған шенеунік әкім болып сайланды

2548
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында алкогольдік ішімдік ішкені үшін қамауға алынған қала әкімі Бауыржан Бозтаев қайта әкім болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Екібастұз қаласының академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде сайлау қорытындылары белгіленді. Барлығы үш кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы бәсекеге түсті. Нәтижесінде 1976 жылы туған, өзін-өзі ұсынған, академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылда тұратын Бозтаев Бауыржан Кенжетайұлы, академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі болып сайланды», - деді Екібастұз қ. қалалық сайлау комиссиясы.

Еске сала кетейік, Екібастұз қаласының Әлкей Марғұлан атындағы кентінің әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғаны туралы ақпарат Агенттік төрағасының сенім телефонына ауыл тұрғыны атынан келіп түскен болатын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі (ҚҚБ) әдеп жөніндегі кеңес мүшелері 2023 жылғы наурызда  бірауыздан Екібастұз қаласының әкіміне Бозтаевты қызметінен босатуды ұсыну туралы шешім қабылдады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер