Ақын Қойшығұл Жылқышиев өмірден озды

2553
Adyrna.kz Telegram

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев өмірден озды. Қаралы хабарды ақын Әлия Даулетбаева жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Атырау мәдениетінің ақтаңгері Қойшығұл аға жалғаннан өтті. Бетімізден қақпадыңыз, еркелігімізді көтердіңіз, қамқор болдыңыз. Дүние шын жалған екен ғой… Алла алдыңыздан жарылқасын, аға!» – деп жазды ол.

Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. Ол — «Тұңғыш», «Мұңкітап», «Асаукер» жыр кітаптарының авторы.

М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алған.

«Тамаша» ойынсауық отауын ашқаны үшін (Л.Есеновпен бірге) авторлық куәлік берілген. Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Пікірлер