Тайванды Қытайдан біреу бөліп алмақ болса, Қытай әскері бір секундқа да тартынбайды - Қытай Қорғаныс министрі

2867
Adyrna.kz Telegram
Фото: mod.gov.cn
Фото: mod.gov.cn

Қытай Қорғаныс министрі Ли Шанфу 4 маусымда Сингапурде өткен Шангри-Ла қауіпсіздік форумында халықаралық аудитория алдында АҚШ, Тайвань, Украина туралы айтып, АҚШ-ты сынады. Бұл туралы DW басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол Қытай мен АҚШ жүйелерінің әртүрлігіне және басқа да көптеген аспектілерде ерекшеленетініне тоқталды. Сондай-ақ, Қытай мен АҚШ арсында қақтығыс болса әлем үшін төзгісіз апат орын алатынын алға тартты.

Бірақ бұл екіжақты байланыстарды дамыту және ынтымақтастықты тереңдету үшін ортақ тіл табуға кедергі болмауы керек. Қытай мен АҚШ арасында күрделі қақтығыс немесе қарама-қайшылық болса бұл әлем үшін төзгісіз апатқа айналады, - деді ол.

Ли Қытайдың АҚШ-қа қарсы шағымдары бар екенін де айта кетті. 

Ұлы ел өз мүддесі үшін блоктық қақтығысты тудырмауы керек, соған сәйкес әрекет етуі керек,- деді Қытайдың Қорғаныс министрі.

Сонымен қатар, Қытай министрі Тайвань туралы да айта кетті. Ол Қытай Тайваньды бақылауға алуды "ұлттық жаңғыру" мәселесі ретінде қарастыратынын алға тартты.

Тайвань - Қытайлық Тайвань, ал Тайвань мәселесін қалай шешу Қытайдың өз еркі. Егер Тайванды Қытайдан біреу бөліп алмақ болса, Қытай әскері бір секундқа да тартынбайды, - деді ол.

Ли Украинадағы соғыс туралы да сөз қозғады. Қытайдың қорғаныс министрі Бейжің бейбіт келіссөздерді жеңілдету үшін бар күш-жігерін салып жатқанын және соғыс қимылдарының тезірек тоқтатылуына үміттенетінін айтты.

Пікірлер