Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шаралар өтеді?

5761
Adyrna.kz Telegram
kbtu.edu.kz
kbtu.edu.kz

Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай түрлі іс-шаралар, оның ішінде мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және жаппай әнұранды орындау, веложарыс, тақырыптық көрмелер, дөңгелек үстелдер және т. б. жоспарланған.

Сағат 11:00-де «Медеу» биік таулы спорт кешенінің алаңында қала басшылығының, жастар жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және әнұранды жаппай орындау жоспарлануда.

Сағат 11:00-де қаланың барлық аудандарында әнұран бірмезетте орындалады.

Сағат 12:00-де Шевченко көшесі бойымен М.Ганди атындағы саябақтан Қонаев көшесіне дейін веложарыс өтеді, оған әркім қатыса алады. Жарысты бастамастан бұрын барлық қатысушыларға жалаушалар таратылады, мәреге жеткен кезде ҚР әнұранын жаппай орындау ұйымдастырылады.

Сағат 19: 30-да Абай алаңында отандық эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Дильназ Ахмадиева, Нұржан Керменбаев, Газизхан Шекербеков, Мархаба Сәби, Арай Tribute, «Made in KZ» тобы, Сырымтай Еңсепов және Қазбек Құрайыш қатысатын мерекелік концерт өтеді.

Концерттен кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония хорының жастар құрамы ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды.

 

Пікірлер
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket