Ресейден украиналық балалар мен жетімдерді алып кетуге барған Save Ukraine қорының өкілі ұсталды

2659
Adyrna.kz Telegram

Соғыс болып жатқан аймақтардан Ресейге жеткізілген украиналық балаларға көмек қолын созып,  жетім балаларды өз Отанына жеткізуге жәрдемдесіп жүрген Save Ukraine (Украинаны сақтау) қорының өкілі ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новости"-ге сілтеме көрсете отырып. 

Қор өкілдерінің хабарлауынша, ұсталған әйел Save Ukraine (Украинаны сақтау) қорының тапсырмасы бойынша Ресейге барған. Ол украиналық жетім балаларды шетелге алып кетуді көздеген.

Қордың Украинаның қауіпсіздік комитетімен байланысы бары да айтылды

Орайы келгенде айта кетейік, Save Ukraine қоры соғыс басталғалы бері Ресейге апарылған балаларды Украинаға кері қайтарумен айналысады. Қайырымдылық ұйымының атқарушы директоры Николай Кулебаның айтуынша, Ресейге апарылған балалардың ата-аналары перзенттерімен қауыша алмай, қиындықтарға тап болған. Олар Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің сансыз сұрақтарына жауап беріп, сағаттаған тексерісінен өтуге мәжбүр болған.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер