Кейінгі бес жылда өрт пен суға кету салдарынан 776 бала көз жұмғаны айтылды

1637
Adyrna.kz Telegram

Жыл басынан бері елімізде өрт пен иіс тиіп уланудан 14 бала көз жұмды, ал 3 бала суға кетті. Оқыс оқиға салдарынан қапияда қаза тапқандардың дені - балалар. Тілсіз жаудың қатері жайлы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов кейінгі бес жылда "тілсіз тажалдан" қаза тапқандардың көрсеткішіне тоқталды.

«Кейінгі бес жылда ел аумағында өрт, иіс тиіп уланудан және суға кету салдарынан 776 бала қайтыс болды. Тек 2022 жылы өрттен әрі иіс тиюден 38 бала көз жұмып, 77 бала суға батып кетті», - деді Н. Дербісов Мәжілісте мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелері тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, биыл өрт пен иіс тиіп уланудан 14 бала көз жұмды, ал 3 бала суға кетті.

«Көп жағдайда мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарда оқитын балалар өрттің қауіпті факторларынан мерт болып жатыр», - деді комитет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері өрт қауіпсіздігіне қатысты 5 мыңнан астам білім беру нысаны тексерілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер