Польша Ресей мен Беларусь жүк көліктері үшін шекарасын жабатынын мәлімдеді

1861
Adyrna.kz Telegram

Польша мемлекеті саяси себептермен "шала бүлінді".  1 маусымнан бастап Ресей мен Беларусь жүк көліктері үшін шекараның жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

1 маусымнан, түн жарымнан бастап, Польша шекаралары жабылады. Атап айтқанда,  Польша жүк көліктерінің, тракторлардың, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің, сондай-ақ Ресей мен Беларусь шекарасындағы өткізу пункттерінде тіркелген автопоездардың қозғалысын тоқтатады, деп хабарлайды Polskie Radio ішкі істер Министрлігінің қаулысына сілтеме жасап.

Бұған дейін Польша билігі Беларуссияның 365 азаматына қарсы санкциялар енгізген еді. Сонымен қатар, 15 ресейлік және бір Беларуссияның активтерін тоқтатқанын жариялаған болатын. Мұндай шектеулердің енгізілуіне Беларуссияда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған журналист Анджей Почобуттың қудалануы себеп болған еді.

Орайы келгенде айта кетейік, журналист Анджей Почобут араздықты қоздырды және ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіретін әрекеттерге шақырды деген желеумен қудалауға ұшыраған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер