Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық«Жас ұлан» мектебі өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтті

2544
Adyrna.kz Telegram

1983 жылы негізі қаланған білім ошағына 1991 жылы Министрлік Кабинетінің бұйрығымен Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

Әскери дәстүрден айнымаған мектеп өз тарихында 6510 тәрбиеленушіге бағыт беріп, 38 рет бітіруші түлектерін үлкен өмірге шығарып салған. Айтулы шараға ұлы жауынгер Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, ел ағалары, мектебін еске алып келген 700 түлек пен жас бауыржаншылар және мектеп ұжымы қатысты.

Қазақилық дәстүрді ұлықтаған Зейнеп Ахметова ел мүддесін қорғаған кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының тас мүсініне иіле сәлем беріп, гүл шоқтарын қойды. Мерейтойға жиналған қонақтар ақ-жарды тілектерін айтып, батырдың есімін ұлықтап, мектеп ұжымына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ өзге мектептер арасында жоғары мәдениеті мен үздік көрсеткіштермен көзге түскен оқу орнына жаңа аппараттар мен бірнеше оқуға арналған құрал-жабдықтар тарту етілді. Бір сапта бой түзеген мектеп оқушылары саптық жаттығуларды жасап, шара соңында түлектер вальсінде биледі.

Салтанатты әскери шара соңы концертпен жалғасты. Әуелеген ән де шырқалып, ұландар мен мектептің хореографиялық ансамблі өз өнерлерін көрсетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер