МҰХТАР ҚОЖА: Қазақ ханы Тәукенің жарлығы және Жаңақорғаннан, Түркістаннан жинап алынған көне құжаттар, қолжазбалар қайда?

2369
Adyrna.kz Telegram
Қазақ ханы Тәукенің Сығанаққа жазған жарлығы және Жаңақорғаннан, Түркістаннан жинап алынған және Қазақ Ғылым академиясының институтына өткізілген көне құжаттар, қолжазбалар қайда? Белгілі ғалымдар Е. В. Ерофеева, В. Н. Настич еңбектерін оқысаңыз, осындай сұраққа тап боласыз. Белгілі фольклортанушы М. К. Байділдаев 1976 жылы Жаңақорған елді мекенінің байырғы тұрғындарының бірінен 17-19 ғғ. жататын отыз құжат алып Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтына тапсырған екен.
Солардың ішінде бізге жеткен атақты қазақ ханы Тәуке жарлығы бар екен. Ж. Е. Ержановтың кітабында Кеңес Одағы ғылым академиясының Археология институтынан Сығанақтың көне қолжазбаларын сұраған хат көшірмесі келтіріледі. Үлкен ғалымдар мемлекеттік мекемеде көзбен көріп кейін таппай қалған, Қазақ тарихы, Сығанақ тарихы үшін аса маңызды құжаттар қайда??? Кеңес Одағы Ғылым академиясы Археология институты бланкіне жазылған хат не нәтиже берді? Қолжазбалар қайда?
Отырарда қазба кезінде табылған 14 ғас беттері жабысып қалған қолжазба сол кезде Ленинградтағы криминалистика институтына жіберілген деп естігенбіз. Ленинградттан, қазіргі С. Петербург қаласынан қайтты ма отырарлық қолжазба? Осылардың барлығы Қазақстанның байлығы емеспе? Оларды іздеушілер қайда?
Пікірлер