Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым «Жаңа бастамалар - жаңа мүмкіндіктер» атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттады

1683
Adyrna.kz Telegram
ognialatau.kz
ognialatau.kz

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым «Жаңа бастамалар - жаңа мүмкіндіктер», «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2023» атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

Конкурс қоғамдық ұйымдардың әлеуетін өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге  бағытталған. Облыс әкімдігі 10 жобаны қолдауға жалпы сомасы 10 млн теңге грант бөлді. Ағымдағы жылы 30 өтінім берілді және олардың үштен бірі ғана қаржылай қолдауға ие бола алды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары бүгінгі таңда еліміздегі азаматтық қоғам институттары мемлекеттің тірегі және әріптесі болып табылатынын атап өтті. Шара барысында "Денсаулық - зор байлық" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Шолпан Жанбабаеваға көмегі үшін үлкен алғысын білдірді, себебі "Үміт сәулесі" орталығында жаңа жабдық пайда болады. Ал Ұзынағаш ауылының мүгедектер қоғамының басшысы Гүлзат Асқарова да байқаудың маңыздылығын айтып берді.

- Қоғамды демократияландыру саясатының арқасында бұл бағытта көптеген игі істер атқарылуда. Жылдан жылға заңды база жетілдірілуде, қаржы қоры бөлінуде, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылы нығайтылуда, яғни осы секторды дамытудың мемлекеттік жүйесі қалыптастырылуда. Жеңімпаз жобалар өңіріміздің өзекті мәселелерін шешуге дайын екеніне сенімдімін, - деді Алматы облысы әкімінің  бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымов.

Іс шара барысында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы мүгедектер қоғамының басшысы Гүлзат Асқарова сөз алып, берген мүмкіндіктер үшін алғысын білдірді.

-  Біз инватакси және жеке көмекшінің қызметін ұсынумен айналысамыз. Бүгін жеңіп алған грант массаж жабдығына, балаларға арналған массаж бөлмесін ашуға жұмсалады. Массаж барлық балаларға қол жетімді болады, көбіне мүмкіндігі шектеулі балалардың оңалуына бағытталмақ.  Дегенмен, ересектер де ем қабылдау үшін алдын ала  жазыла алады. Әкімдік бізге орталықтың құрылысына 8 сотық жер бөлді және қазір бұл жұмысты жақын арада бастау үшін инвесторларды толыққанды іздеу жүріп жатыр. Болашақта орталықта мүгедектігі бар балаларды даярлау өтеді, онда олар білім алып, кейіннен қоғамға елеулі үлес қосып жұмысқа орналасады, - деді Гүлзат Асқарова.

Қорытындылай келе, облыс әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым гранттарды тапсырып, барлық жеңімпаздарға қоғам игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

Пікірлер