Қазақстанды шарлап, 8000 шақырым жүгіріп өткен ультрамарафоншылар Ақтауға жетті

3277
Adyrna.kz Telegram
“Nomad Run” ультрамарафоншылары 8000 шақырымды бағындырып, Қазақстанның барлық қала, елді мекендерімен жүгіріп өтті. 5 марафоншы азаматтың "спортттық сейіл-cеруені" Ақтау қаласында түйінделді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Ақтаулықтар “Nomad Run” атты марафоншылар көшін салтанатты түрде күтіп алды. Жүгіру арқылы 8000 км-ді бағындырып, Қазақстанның барлық қала, елді мекенін аралаған 5 марафоншы ер-азамат Ақтау қаласында табан тіреген. Өздерінің айтуынша, мұндай қадамның басты мақсаты - келешек ұрпаққа үлгі болу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Азаматтарды күтіп алуға қалалық және облыстық әкімдік өкілдері, БАҚ және қала тұрғындары тұрғындар қатысты.
“Мен ең алдымен сіздерге алғыс білдіргім келеді. Мұндай нәтиже көрсету кез-келгеннің қолынан келмейтіні анық, бұл - үлкен жауапкершіліктің, батылдықтың, шыдамдылықтың көрінісі. Елді, жерді аралап, өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді ояту, Қазақстанның көркем жерлерін насихаттау, ішкі туризмді дамытуға үлес қосу мақсаттарын спортпен шебер үйлестіру арқылы көпке үлгі болып келесіздер. Денсаулықтарыңыз мықты болсын”, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.
Марафонды 5 адам жүгірген, оның ішінде ең үлкені - 55 жастағы Мендібай Әлімгазинов. Оның айтуынша, кең-байтақ Қазақстанды шарлап,  бұл белесті бағындыру оңай болған жоқ.
“Басты мақсат - жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Марафонды бастағандағы ұстанымымыз - сөзбен емес, әрекетіміз арқылы үлгі болу еді. Қонақжайлықтарыңызға рахмет”, - деді ол.
Астанадан жаяу жүгіру арқылы Ақтауға жеткен 5 марафоншы алғыс хатпен марапатталды.
Марафоншылар салтанатты шарада сөз алып, бұл жетістігін Ақтау қаласының 60 жылдығына арнағанын жеткізді.
Орайы келгенде айта кетейік, ультрамарафоншылар Қазақстанның Гиннестер рекорды кітабына енеді.
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер