Марафоншы Марат Жыланбаев қамауға алынды

3021
Adyrna.kz Telegram

Астанада марафоншы, тіркелмеген «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясының төрағасы Марат Жыланбаев қамауға алынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Қылмыстық кодекстің 405-бабы («сот тыйым салған ұйымның жұмысына қатысу») мен 258-бабында («террористік не экстремистік әрекетті қаржыландыру») көрсетілген іс-әрекетке барған деген күдікке ілініп отыр.

«2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады»,—делінген хабарламада.

Бұған дейін Жыланбаев мамыр айының басында 20 тәулікке қамауға алынған еді. 23 мамырда ол уақытша ұстау изоляторынан полицияға жеткізілді.

Айта кетейік, Марат Жыланбаев бір жарым жыл ішінде әлемдегі ең үлкен үш шөлді жалғыз жүгіріп өту арқылы танымал болды. Ол —мұндай жетістікке қол жеткізген әлемдегі жалғыз адам. Сондай-ақ спортшы Гиннес рекордтар кітабына жеті рет енген.

Пікірлер