Қазақстандағы ең үлкен скейт-алаң Қонаев қаласында салынды

1426
Adyrna.kz Telegram

Ашылу рәсімі 1 маусымға жоспарланған.

Скейт-алаңның ramp, rail, bank, quarter pipe және басқа да құрылыстары орнатылып, скейт тебушілерді қабылдауға дайын. Бұл Қонаев қаласындағы құрылысы аяқталуға жақын жаңа скейт алаңның элементтері.
Құрылысшыларға абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары ғана қалды. Жергілікті тұрғындар ашылуды тағатсыздана күтуде – себебі, бейресми статистика бойынша, қаладағы 1000-нан астам жасөспірім экстремалды BMX, борт және скейт тебумен айналысқанды жақсы көреді.

Бұл жердегі ескі алаң өте шағын болды және қазіргі жаңа алаңдағыдай трюктерді орындау үшін қажетті 10 негізгі құрылым туралы ойлау мүмкін емес болып көрінді. Жалпы ауданы 9400 м2 жерде скейт алаңы (2000 м2), балалар алаңы (400 м2), воркаут (жаттығу алаңы) (200 м2), фотоаймақ, сонымен қатар демалуға болатын аймақ бар. Қолданылатын материалдар ерекше назар аударуға лайық - жоғары сапалы, антивандалдық, температураның шектен тыс және табиғаттың кез-келген жағдайына төзімді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев нысанды аралау барысында оның бірегейлігін атап өтті: «Бұл жерде біз халықаралық турнирлер мен жарыстар өткізіп, сол арқылы жергілікті спортты дамытып қана қоймай, қалаға кәсіби мамандарды тартамыз. Ал нысанды уақытында тапсырып үлгеру үшін жұмысшыларды көбірек тарту керек».

Сонымен қатар, саябақта ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілуде: абаттандырудан, балалар және ойын алаңдарын, оның ішінде футбол алаңын жабдықтаудан басқа, ауданы 150 м2 мұз аренасын салу жоспарлануда. Ол жабық болады және жыл бойы жұмыс істей алады, қыста конькимен сырғанау әуесқойларын қабылдайды, ал жазда ол роликті-алаң ретінде пайдаланылады. Жағалауға жақын жерде жаңа шолу дөңгелегін орнату жоспарлануда.

Пікірлер