Абай облысында екінші күн қатарынан орман өртеніп жатыр

1934
Adyrna.kz Telegram

Абай облысында екінші күн қатарынан орман өрті өршуде, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 22 мамырда сағат 15:25-те Абай облысы Бородулиха ауданында Ауыл стансасынан 7 шақырым жерде (өрт Ресей Федерациясының аумағынан, Алтай өлкесі, Новенкая ауылынан көшкен, 15:25-те) құрғақ шөп өртенген. Өрттің жалпы аумағы 1500 гектарды құрайды, құрғақ шөптер мен ормандар жанып жатыр.

«Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты «Березовка» шипажайы мен «Березовка» қосалқы шаруашылығынан 277 адам өз бетінше көшірілді. «Березовка» шипажайы мен «Березовка» қосалқы шаруашылығының орнында күзет бойынша кезекшілік ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде бір өрт сөндіру пойызы) мен екі тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды.

Сонымен қатар, 133 адам мен 26 техникадан тұратын Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды ​​облыстары бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарының тобы жіберілді. Қарағанды ​​әуежайынан «Қазавиапас» АҚ Ми-8 тікұшағы да көтерілді.

Бір тәулік ішінде екі тікұшақ өртті ауыздықтауға барлығы 157,5 тонна су жұмсады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер