Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық туристтің өлі денесін тапты, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 21 мамырда 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай тауға шыққан.
Жоғалған азаматтың әріптесі олардың Алматыға 20 мамыр күні таңертең туризм мақсатында келгенін айтты. 22 мамырда сағат 7:00-де туристер қайтып ұшып кетуі керек еді.
Полицияға Аустралия азаматымен бір жатақханада тұратын Ресей азаматы хабарласқан.
Туристі іздеуге Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының (РЖҚЖ) жедел тобы 6 адам және 1 кинологиялық бригада жіберілді.
"Сағат 23:40-та олар іздеуге кірісті. 2:40-та РЖҚЖ қызметкерлері мен полицейлер Космостанциясына көтеріліп, беткейлерді тексерді. Олар төмен түсіп, құбырдың оң және сол жағын тексерді. Үлкен Алматы көлінде түнде ауа райы қолайсыз болды, жаңбыр жауып, қар жауып, қатты жел соқты», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Құтқарушылар екі топқа бөлінді: бірі Аюсай шатқалы бағытында, екіншісі Проходное шатқалы бағытында іздеуге шықты. Іздеу жұмыстары күндіз ауа райының қолайсыз жағдайында жүргізілді.
Сағат 15:48-де Төтенше жағдайлар министрлігі ТЖД Жедел-құтқару жасағының бастығы Арыстанбаев Бауыржан спутник арқылы РЖҚЖ құтқарушылары Алматы қаласы әкімдігінің авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушыларымен бірлесе отырып, дененің табылғаны туралы ақпаратты жеткізді. Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан мәйітті тапты.
"Адырна" ұлттық порталы