Жарылыстан соң. Астанада салынып жатқан ғимарат өртенді (ВИДЕО)

1931
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы «Хан Шатыр» сауда орталығының маңында салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс орын алды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үш рет дүмпу сезінген. Жарылыстардың бірі видеоға түсіп қалған.

Еске салайық, сағат 16:28-де Мұхаметханов көшесі бойында жаңадан салынған нысанда өрт шыққан болатын. Қазір салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында қара түтін мен жалын байқалды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

«23 мамырда сағат 16:28-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Мұхаметханов көшесінің бойында жаңадан салынған нысанда өрт шыққаны туралы келіп түскен хабарламаға барды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті.

Анықталғандай, үш газ баллоны жарылған, 15 рулон шатыр материалдары жанып жатқан. Өрт сөндірушілер өртті сағат 16:45-те ауыздықтады. Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 19 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД.

Пікірлер